ДАБ ТЕКСТ ЗАДАНИЯ Мәтін ішінен үстеулерді тауып, түрлерін анықтаңыз Ғаламтор - ғылым мен техниканың шынайы жетістігі. Ол - сөзсіз. Интернетті қолдана алатын кез келген адам өзіне қалаған ақпарат мен мағлұматты тауып, қажетіне жарата алады. Мазалап жүрген сауалдарының жауабын табады. Әлемдік жаңалықтар мен оқиғалардан хабардар болып отыруға көмектеспек. Бұл жағынан интернет адамның білімі мен қабілетін, тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.
Ғаламторда шек жоқ. Алыста жүрген ата-анаңмен де, туған-туыстарыңмен де емін-еркін байланыс ұстайсың, сөйлесесіз, хабарласасың. Тіпті, адамдардың қолы жетпейтін жерге осы ғаламтордың қолы тиіп тұр. Көрісе алмаған адамыңмен ғаламтор арқылы байланыс орнатасың. Ғашығын да ғаламтордан тауып жатқандар қаншама.
Өкінішке орай, жоғарыда айтылған ғаламтордың артықшылықтарына қарамастан, оның зиян жақтары да көп болып шықты. Ғаламторға деген тәуелділік қазір ғаламдық мәселеге айналып бара жатыр. Соның кесірінен адамдар арасындағы күнделікті байланыс бұзылып барады. Адамдар бір-бірімен сөйлесуді, әңгімелесуді, сырын бөлісуді ұмытып бара жатқандай. Жылы шырай танытып, шүлдірлеп сөйлесуден, жанды, табиғи қатынастан қалып барамыз.
Ғаламтордың келесі зиянды тұсы - адамның денсаулығы. Компьютер алдында ұзақ отырған адамның денсаулығы да нашарлай түседі. Өйткені ол қозғалыстан қалып, оның соңы бел, арқа, көз ауруларына әкелуі мүмкін.
Кезекшілік туралы диалог құрастыру.
Алтынай: Бүгін сыныпта Әлібек, Ханшайым және сен кезекшілік етесіңдер. Ұмытып кетпеңдер.
Алдияр: Есіме салғанын дұрыс болды, мен сабақтан соң үйге қайтып бір шаруаларымды істеймін деп жоспар құрып отырсам ...
Алтынай: Орындықтардың барлығын көтеріп қойыңдар. Ханшайым шаң сүртіп, гүлдерге су құяр.
Алдияр: Жақсы, әрине бәрін реттеп жинастырып кетеміз.
Алтынай: Тақтаны да сүртіп қоюды ұмытпаңдар. Келесі ауысымға таза болып дайын тұрсын.
Алдияр: Жақсы, терезені ашып кетейік пе?
Алтынай: Жоқ, дала жел болып тұр. Ашып кетпеңдер, сынып қалып жүрер. Абай болыңдар.
Алдияр: Уайымдама. Бәрін жинап, дұрыстап кетеміз.