1-тапсырма. Мәтінді мұқият тындап, көтерілген мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беріп, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен
байланыстырыңыз.
-
Су – тіршілік көзі
Су - тіршілік көзі. Барлық тірі ағзалардың 75% судан тұратыны бәріңізге
мәлім. Таза сусыз адам өмір сүре алмайды. Су үнемі теңіз, ауа мен құрлық
арасындағы айналымды жүзеге асырады, сол
себепті мен «Су тіршілік
көзі» тақырыбын таңдап, зерттедім.
Жер шарында жыл сайын 400 мың км3 шамасында су буға айналып, жоғары
көтеріледі екен. Қазақстандағы су ресурстарының негізі өзен сулары болып
есептеледі, орташа жылдық мөлшері – 100 км3, 43 пайызы Қытай, Өзбекстан,
Қырғызстан, Ресей мемлекеттеріне келеді. Республикамызда таза ауыз сумен
қамтамасыз ету мардымсыз. Жоспарланған жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары
жүргізілмейді. Көптеген ауылдық су өткізгіштерінде су залалсыздандырылмайды.
Қазіргі кезде Республикамыздағы барлық ірі өзендер – Іле, Сырдария, Жайық,
Ертіс, Шу, Талас ластанған. Теңіз бен мұхиттар мұнаймен ластануда. Бұл қоршаған
ортаға өте қауіпті. Судағы балықтар қырылып, қалу қаупі жылдан жылға өсіп келеді.
Ауыл шаруашылығында қолданылатын минералды тыңайтқыштардың артық
мөлшері топырақтан шайылып, өзен, көлдерге, теңізге түсуде. Бұл судағы оттекті
азайтады. Сонымен бірге бұл балық өндірісіне қатты әсерін тигізіп, балық аулау и т.д
Соларға қатысты сөздер мен атаулар да ескіреді, яғни қолданудан шыға бастайды. Мысалы: шоқпар, соқа, сойыл, найза, айбалта, күрзі, қорамса, кіреуке, малта, ояз, зындан, күң, кұл, әмеңгер, болыс, жүзбасы, сарбаз, дуан, пері, періште, ысқат, азан, барымта, дабыл тәрізді сөздер бүгінгі өмірде көп қолданыла бермейді. Бұлар белгілі бір дәуірдің, тарихи кезеңнің тілдік көрсеткіші ретінде жұмсалуы мүмкін. Олар көнерген сөздер деп аталады. Және олардың кейбірі жана ұғымдардың келуімен байланысты жаңарып қолданылуы да мүмкін.
Тіл — тілде көнерген сөздердің историзмдер және архаизмдер деп аталатын екі түрі бар. Кейбір заттар мен құбылыстар күнделікті өмірден шығып қалып, сол ұғымдарды білдіретін олардың атаулары — сөздер де көнеріп, тілде қолданбайды. Мысалы: сұлтан, атшабар, ояз, барымта, дуан басы, дүре, малай, күң, құл, бай, болыс т. б. Мұндай сөздерді историзмдер дейді. Бұрынғы атаулары ескіріп, кейін басқа атаулармен беріліп жүрген заттар мен құбылыстар бар. Мысалы: жасак, немесе қол — әскер, қол басы — әскер басы, почтабай — хат тасушы, жатак, — отырықшы, серіктік — бірлесу, қосын — ұйым, желек — орамал т. б. Қазірде осындай басқа атаулармен беріліп жүрген заттар мен құбылыстардың бұрынғы атаулары архаизмдер деп аталады.