6-тапсырма. Төмендегі тұжырымдардың дұрыс не бұрыс екенін анық- таңдар. Жасушалық және гендік инженерия — биологияның бағыттары. Биотехнологияны дамыту арқылы өндірістік-техно- логиялық, экологиялық мәселелерді шешуге болады. Жасушаның көмегімен өндірістік зиянды қалдықтарды тазартуға болады. Үндістанда, Қытайда үйді газбен жылытады. Биогаз малдың қиынан, ауылшаруашылық қалдық- тарынан жасалады.
Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады. Қазақ тілінде 26 дауыссыз дыбыс бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.
Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай ұяң, үнді және қатаң болып үшке бөлінеді.[2]
Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з, һ
Үнді: й, л, м, н, ң, р, у
Қатаң: к, қ, п, с, т, ф, х, ч, ц, ш, щ
Жоғарыда келтірілген мағлұмат Кеңес Өкіметі билік құрып тұрғанда, 1940 жылы еңгізілген Аманжолов Сәрсеннің әліпбиі негізінде берілген. Бұл әліпбиді, тоталитарлық жүйе қазақ халқын орыстандыру саясатының құралы ретінде пайдаланған. Орыс тілінің дыбыстары қазақ әліпбиіне қосылған. Қазақ тілі туралы жалған мағлұмат ресми құжаттарда, Қазақстан тәуелсіздік алса да, осы уақытқа дейін өзгертілмей келеді.