3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 5 сынып. «Денсаулық – зор байлық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 1-тапсырма Мәтінді 2 рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Мұрат лагерьден келген күннің ертеңіне терезенің жанында бірдеңе тасырлаған соң Ұлжан сыртқа қараса, баласы бір орында жүгіріп тұр екен. «Бұнысы несі?» - деп таңданды Ұлжан. Бір кезде Мұрат жүгіргенін қойды да, қолын жоғары созып, онан соң қайта төмен түсіріп, осылайша бірнеше рет қайталады. Бір кезде екі бүйірін таянып, біресе отырып, біресе тұрды. Баласының бұл қылықтары шешесін әрі таңдандырды, әрі қызықтырды. Тысқа шыкты да: «Мұратжан-ау, бұның не, лагерьден осыны үйреніп кайттың ба?» - деді Ұлжан шешей. Жаттығу жасап жатырмын», - деді баласы. «Ол не дегенің?». «Лагерьде бізге күнде ертемен жаттығу жасататын. Үйде де жасап тұрыңдар деген. Апа, бұның пайдасы зор. Үнемі жаттығу жасап, дене шынықтырумен айналысқан адамның денсаулығы күшті болады. Ауруға да бой бермейді». Ұлжан дөңгелек столға шай жасап жатқанда, Мұрат орамал, сабын, тіс порошогын алып Тысқа шығып кетті. Үйдің артында өзен бар еді. Бақшадан келе жатқан Батырбай қарт бүкіл кеудесін сумен жуып жатқан баласын көрді. «Мұратжан-ау, мынауың не?» деді. «Шынығып жатырмын», - деп жауап берді Мұрат. Жауап Р/с 1 Сұрақ Мұрат лагерьден не үйреніп келді? Жаттығу жасаудың пайдасы бар ма? 2-тапсырма Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі азат жолдар бойынша шағын жоспар құрыңыз. Спорт – денсаулық кепілі Спортпен айналысу денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі – жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағаттай жүгіруге болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеп, түрлі жаттығулар жасауға болады. Білім алушылар мектептің дене шынықтыру үйірмелеріне тұрақты қатысулары керек. Онда арқанмен тартылады, секіреді, жүгіреді. Өйткені, олар спорттың денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар екендігін, спортпен айналысудың адам өмірін ұзартатынын білуі шарт. Еліміздің ертеңгі тізгіні жастар, сондықтан да жас ұрпақтың дені сау болуы қажет. Сонда ғана өз еліміздің дамыған, алдыңғы қатардағы ел екендігін көре аламыз. Салауатты өмір сүрудің, тазалықты сақтаудың белгілі ережелерін білмейтін жан кемде-кем. Ол біздің мектеп бағдарламасына да енгізілген. Бірақ оған көпшілігіміз күнделікті өмірде аса мән бермейміз. Себебі, өз бойымызда қалыптасып калган жалқаулық пен қомағайлықтың, ұйқышылдықтың күштілігі. Жоспар 1 2. 3.
кейбір түрлері 120-150 жыл өмір сүреді. Табиғатта 110-ға жуық түрі бар.
Будандастыру арқылы теректің тез өсетін көп түрлері алынған. Тез өсетін қасиетіне
байланысты көгалдандыруда кеңінен қолданылады. Аналық терек мамыр-маусым
айларында мамық шығарып, жер-көкті ластайды, әрі терек мамығына аллергиясы
бар адамдарға қиындық туғызады. Сондықтан көгалдандыруда мамық
шығармайтын аталық теректерді пайдаланған жөн. Ерте көктемде жапырағы
шықпай тұрып, сырға секілді ақ гүл жарады. Жапырағы — жұмыртқа пішіндес,
жиектері аратісті. Терек (лат. Pópulus) – тал тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын ағаштар. Қазақстанның барлық аймағында кездеседі. Өзен жайылмасында, далалық жерлерде, тау
етегінде, бұта арасында өсетін 15 түрі (ақ терек, қара терек мырза терек, т.б.) бар. Бұтақ
шоғыры пирамида пішіндес. Жапырағы жалпақ, сағақты келген, ромбыға не қандауырға
ұқсайды. Гүлі қос үйлі, гүл сырғасы (ұзындығы 3 – 15 см), салбырап ілініп тұрады, онда
аталығы не аналығы ғана болады, жел арқылы тозаңданады. Негізінен, жапырағы
шыққанша гүлдейді. Тұқымынан және атпа тамырынан, шыбығынан көбейтіледі.