Әл-Фараби кітапханасы — Орта Азиядағы жоғары оқу орындары арасындағы ең үлкен кітап қорына ие мекеме. Бүгінгі таңда кітапхана қоры 2 миллионнан аса кітапқа жеткен. Ғылым ордасының алғашқы іргетасын елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы қалаған екен. Оның ашылу салтанаты 2013 жылдың наурыз айында өткен болатын. Кітапханамызда концерттер, көрмелер, бітірушілерді дипломмен табыстау, құттықтау би кештері т.б. ғылыми және қоғамдық маңызы бар жиналыстар өткізіліп тұрады.
Кітапханада студенттерге барлық жағдай жасалған. Мұнда абонемент және жылы оқу залдарымен қатар, конференция залдары, элекетронды бөлім жұмыс істейді. Жабдықтардың барлығы заманауи талаптарға сай келеді. Мұнда келген студент компьютер арқылы іздеген кітабының бар жоқтығын бірнеше минутта ғана тексеріп алуына болады. Іздеген кітап қолжетімді болып шығады. Өйкені, бұл — ҚазҰУ кітапханасы.
Менің ойымша, Міржақып Дулатов өз туындысында Жамал қыздың тағдыры арқылы, тар заманның шынайы бет бейнесін, халықтың сол кездегі жағдайының бәрін ашып көрсеткендей. Себебі, романда Сәрсенбай мен Жамал арасындағы, юай мен кедей деп бөлінген таптық өкілдердің арасында қарама қайшылықтар мен адамдардыңрузани жағынан емес, байлығына қарап бөлінуі, адами қасиеттерді бағаламауы шынайы көрсетіледі. Сонымен қатар, заманының кесірінен өзгерген әке мінезі осыған дәлел болады. Міржақып оны басында; « Момын, мал баққан кісі» деп суреттесе, бірте бірте ол да байлықтың буына масайрап, тіпті өз қызын табан астына салып, тағдырының күл талқанын шығарған еді.
Қорыта келе, халқының халі үшін ширығып, жан беруге даяр болған қаламгер М.Дулатовтың романында сол уақыттағы қазақ халқының тұрмыс тіршілігі мен салт санасы бір адамның тағдырымен байланыс тапқандай. Жамал қыздың басынан өткен оқиғалары арқылы біз, қазақтың сол кездегі рухани өсу жолы мен кері кеткен замана шындығын анық тани білдік.