Кемеңгер деп – тек өз ісінен ләззат алатын, қиындыққа қарамастан жұмыс істейтін адамды айтады. Бұл ағынға кедергі құрсаң, ол өзен болып бәрінің талқаның шығарып шайып кетеді.
( Стендаль )
1991 жыл 16 желтоқсан… Қазақ елі өзінің аңсаған тәуелсіздігін алды. Бұл жылы хабар қалың халықтың жүрегіне үміт отын жақты. Осы сәтте бейбітшілік, еркін өмірге апаратын есік ашылды. Қазақ елі қараңғының тұманынан көз ашқандай болды. Иә, бұл бақытты күн әр адамның көкейінде сақталған. Қазақ елі енді Қазақстан деп аталды, мемлекеттік тіл- жойылудан құтылған қазақ тілі, рәміздеріміз – желбіреген көгілдір ту, жылтыраған елтаңба, бүкіл жерге нұрын шашқан әнұран және еліміздің заңдар жинағы – Конституция. Ең бастысы Қазақстанның тұтқасы – осының бәрін ұйымдастырған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің қолында. Елімізді жаңа жолға бағыттаған ұлы тұлға.
Мұқағали Мақатаев.
Мәртебесі биік ақиық ақын Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның шын аты — Мұхаметқали, бірақ ата-анасы пайғамбар атымен жүру ауыр тиеді деп сәби күнінен "Мұқағали" деп еркелеткен екен.
Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады. Жастайынан әдебиетке құштар болып, алғашқы өлеңдерін 14 – 15 жасынан бастап жаза бастайды. Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы 1949 жылы “Советтік шекара” газетінде жарияланды. Ал алғашқы жыр жинағы 33 жасында шыққан екен.
Аз ғұмыр кешкенімен бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын жазған. Бүгінде лирик ақынның 1000 – нан астам өлеңі мен поэмасы қалды. Ал жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады.
Мұқағали поэзиясының қайнар көзі басты тақырыбы туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары болды. Осы айтылғанның бәрін Мұқағали тек өзіне ғана тән қайталанбас шеберлікпен, асқан поэтикалық үйлесіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, артынан келер ұрпаққа өлмес мұра ретінде қалдырған.