айша бибі (хі хіі ғғ.) қараханидтер әулетінің негізін қалаушы қараханның қалыңдығы, қазіргі тараз қаласының жанындағы, сонау скифтер заманынан бастап-ақ қазақтың қол өнеріне енген, содан бері қолданылып келе жатқан ою-өрнек, әшекей түрлерінің бәрін қамтитын күрделі архитектуралық әсем ескерткіштің иесі.
айша бибінің кім екені жөнінде атадан ға қалған аңыз болмаса, тарихи деректер жоқ. ал, аңыз оны төрт түліктің бірі сиыр малының атасы деп есептейтін зеңгі бабаның қызы еді дейді.
сол аңыздың айтуынша, айша бибі түркістанда жас батыр қараханмен кездесіп, бірін-бірі ұнатқан екі жас бас қосып, өмірлік серік болуға уағдаласады. жаугершілік заман болса керек, тұс-тұстан анталаған жаумен арпалысып, елін-жерін қорғаумен жүргенде қараханның уәделі мерзімде айша бибіге баруға мүмкіндігі болмайды. арада біраз уақыт өтіп кетеді. ақыры таусылған айша бибі қараханның мекені тараз қаласына өзі іздеп бармақ болып, қасына күтушісі баба әже қатынды ертіп, жолға шығады. бірнеше күн жол жүріп, таразға жетеді.
қаланың төбесі көрінгеннен кейін өзеннің жағасына тоқтап, сол арада суға түсіп, шаң тозаңнан арылып, біраз дем алуға тоқтайды. күтушісі ас жабдығына кіріседі.
салқын суға шомылып, денесі сергіп шыққан айша бибі күтушісі ас әзірлегенше дем алмақ болып, арнайы өзіне төселген төсенішке келіп жатады. су сабатының салқын ауасына қосылған таудың самал желі ұзақ жолдан шаршаған жас арудың ғын тәнін аялай сипап, рахат құшағына бөлейді. сүйіктісінің ауылының төбесін көріп көңілі жайланған, енді аз уақыттан кейін онымен кездесетінін ойлап, тәтті қиял бесігінде тербеліп жатып, маужырап ұйықтап кетеді. осы ұйқыдан оны даланың улы жыланы шағып оятады.
денесін у жайлап, тынысы тарылып бара жатқан айша бибі дереу қараханға хабар бергізеді. қарахан тәуіптерін, молдасын алып жеткенде ару қыз ісіп кеуіп екі дүниенің арасында жатыр екен. қарахан молдаға екеуінің некесін қиғызады. содан кейін ол қызды қолына алып, жаны үзіліп бара жатқан айшаның құлағына: « айша, сен енді бибі болдың! » деп үш рет айқайлапты.
ханның өлі қызбен неке қиысқаны одан бұрын да, кейін де тарихтан кездеспейді.
қайғырып, қан жұтқан қарахан сүйген жарының денесін арулап жерлеп, басына әсем күмбез орнатады. жауын шайып, жел мүжіп, уақыт өз белгісін салғанымен бір-бірін шынайы сүйген ғашықтардың махаббатының өшпес белгісіндей болып, сол күмбез әлі тұр тараз қаласының іргесінде.
қазақ поэзиясында лирикалық сыршылдықтың шыңына лайық, поэмаларында суреткерлік пен ойшылдығы қат-қабат келіп жататын өлең өлкесінде өшпес мұра қалдырған ұлы ақын – мағжан жұмабаев. ақын 1893 жылы қызылжар уезінің сарыайғыр болысында дүниеге келген. үлкен атасы қажы атанған жұмабай болса, өз әкесі бекен де елге беделді, ауқатты, болыс болып ел тізгінін ұстаған жан. мағжан – өз жерін де, өз тегін де мадақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын ақтауға ұмтылған, асыл маржанға теңелген сұлу лирикалық жырларымен оқырманын еліткен халқының дара перзенті. мағжан поэзиясының тіл кестесі, лирикасындағы нәзік сезім мен терең ой тоғысы ерекше ілтипатқа бөленген ақын. мағжан поэзиясы – одан рухани азық алып, жандүниеңді байытып, өмір құбылыстарына деген көзқарасыңды кеңейтіп, қоршаған ортаның қыр-сырын түсінуге көмектесетін көркем дүние. мағжан – сыршыл да өршіл маржан жырларының құдіреті арқылы өзінің бүкіл болмысы мен поэзиясының ерекшелігін танытып кеткен ұлы ақын. құбылмалы өмір күйінен өз әуезін таба білген ақын қашанда тек ұлтының керегін іздеп, мұңы мен зарын жоқтауға, қуанышын көркейтуге, жаманын жасырмай, жақсысын асырмай жырлауға берік бекінген. «мақсаты тіл ұстартып, өнер шашпақ» болған ұлы ұстазы абайша бар мақсаты ұлтының азаттық пен бостандыққа қол жеткізуі болған. мағжанның алғаш жарық көрген өлеңінің өзінен-ақ ақынның кейінгі ұлы мақсаттары көзге шалынды. тұтасымен алғанда мағжан өлеңдері қазақтың сөз өнері үшін жаңа дүние. ақын өлеңдерін оқи отырып, оның түйсіну, қабылдау қабілетінің айрықша мол, әрқилы екенін аңғарасың, терең эстетикалық талғамды сезінесің. біз мағжанды сыршыл ақын дегенімізде, көбіне оның махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына жазылған өлеңдері төңірегінде ой қозғап келеміз. бірақ азамат ақын бұл тақырыптағы өлеңдерінде де азаматтық жүкті алға қояды. біршама өлеңдерінде ол махаббат, сезіміне тән азығы емес, жан азығы ретінде қарайды. ұлы күрестер жолында бойға қуат күш берер рухани азық деп біледі. ұлы сезімнен жаны гүлденген ақын ұлты үшін күреске нық сеніммен қ жасайды. мағжан поэзиясының тақырыбы әр алуан. өзі өмір сүрген жаңа ғасыр басында мағжан бармаған, ол жырламаған тақырып жоқ деуге болады. ақындық өнерге енді ғана мойын бұра бастаған тұста, мағжанның жан-дүниесін кеңейтіп, іздегені алдынан шамшырақ болып жанған бір құбылысты айтпай кету мүмкін емес. 1909 жылы қазақ оқырмандарына қазақ поэзиясының бүкіл болмыс-бітімінің бүтіндігін танытқан үш кітап арналды. олар абайдың «өлеңдер жинағы», ахметтің «қырық мысалы», міржақыптың «оян қазағы» еді. міне, осынау кітаптар ұлтын сүйген ұланның, өнерді құдірет түсінген ақынның айтар ойын, барар бағытын айқындап берді. алдындағы толқынның асыл ойдан өрілген шығармаларына еліктей отырып, өзіндік жолын іздестіруге ұмтылды. елінің тағдырына ортақтаса білген ақынның «ләззат қайда», «жазғы таң», «зарлы сұлу», «қ шақ», «қазағым» және т.б. жырларынан тұнба тұнық ойларды аңғарамыз. «сағындым», «сарғайдым», «түс», «анама», «з-ға» сияқты өлеңдері мағжанның түрмеде жазған шығармалары. ақын бұл өлеңдерінде темір торға қамалған жан арпалысын суреттей отырып, тілегені өлім емес ерлік екендігін дәлелдейді. мағжан поэзиясының сыршылдығына тән құбылысты біз оның сүйікті әйел, ыстық махаббатты жырлаған отты өлеңдерінен нақтырақ табамыз. бұл тақырыпқа арналған өлеңдерін әйел, оған деген адал сезімді ардақ тұту, өз тұсындағы әйел затының тағдырына араша түсіп, зарына үн қосып, жырымен жұбату деп бөлуге болады. мағжанның қазақ әйелінің теңсіздік тұрмысын көрсетіп, қасіретін жырлаған өлеңдері қатарына: «домбыра», «зарлы сұлу», «жәмила», «тілегім» өлеңдерін жатқызуға болады. xx ғасырдың басында әдебиет әлемінде қатар қанат қаққан ақындардан мағжан жұмабаевтың басты ерекшелігі өлең өрімінің өзгеше сұлулығы мен саздылығының ерекше үйлесім табуында. мағжан жұмабаев – қазақ поэзиясының жарық жұлдызы ұлы – абайға еліктей отырып, ұлы ұстаз жолын ұстанғанмен өзінше жол табудан әсте жалықпай, көп ізденген жан.