- Тоғызқұмалақ әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын рухани ойын, логикалық ойлау спорты. Бұл спорттың басты мақсаты адам ақыл-ойын дамытуға ықпал ету. Түркі халықтарының ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтынына осы ойынның өзі дәлел бола алады. Жасөспірімнің дене күшінің мол болуымен қатар, ақылды болуына да көп мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тапқан. «Тоғызқұмалақ қазақтың ерте заманнан келе жатқан спорттық ойындарының бірі. Бұл ойынды қазақтардан басқа қырғыздар, қарақалпақтар, алтайлықтар да ойнайды», – дейді зерттеуші Т.Сұлтанбеков. Сонымен қатар Түркия, Түрікменстан Өзбекстанның кейбір аудандарында да бұл ойынның ойналатыны тура- Түсіндірме лы мәліметтер бар. Тек ойын ата- сөздік уында кейбір өзгешеліктер кездеседі. Мәселен, тоғызқұмалақты қырғыздар Дүниетаным – білім, ой- сана. «Тогузкоргоол» десе, Ақтеңіз жағала- Өркениет – мұнда: мәде уындағы кейбір көшпелі түрік тайпа- ниет деген мағынада. -Матинен оздик еттс бола алатын еттстикткожи табындар.Матинди кандай тулгада турганын корсетип магынасын тусиндириндер
Қазір оқу орындарында, оның ішінде мектепте болсын, колледж немесе жоғары оқу орындарында болсын, барлық жерде жоғарыда аталған үш тілді меңгеруге барлық жағдай жасалып жатыр.
Ал бізге үш тілді білу не үшін қажет? Ойлап қарасаңыз мұның да өзіндік артықшылықтары бар екен. Соның ішіндегі ең негізгісіне тоқталып өтсек. Қазіргі уақыт- ақпарат заманы. Бұл ақпаратты біз қайдан аламыз? Әрине, ғаламтор желісінен. Кез келген ақпаратты қазақ тілінде, болмаса орыс тілінде, орыс тілінде болмаса ағылшын тілінде табамыз. Болашақта да осылай бола бермек. Егер біз үш тілді жетік меңгерсек, алдағы уақытта ақпарат түрмен дұрыс жұмыс жасасақ, бәсекеге қабілетті бола аламыз. Және тілді меңгергендегі ие болатын көп мүмкіндіктің бірі ғана. Сондықтан үш тілді жетік білу- бұл жастар үшін, болашақта еліміздің дамуы үшін жасалған тамаша мүмкіндік деп есептеймін.