1..Жасы үлкеннің сөзін бөлме – в разговоре не перебивай старших.
2. Жасы үлкеннің жолын кеспе – не пересекай дорогу старшему.
3.Ата-анаңа қайда барасыз деп сұрама – не спрашивай родителей, куда они идут.
4.Үлкенге сыртыңды беріп отырма – не садись спиной к старшему.
.5Кісі жолын кеспе – не переходи дорогу перед старшим.
6.Қонаққа берер затты сол қолмен берме – то, что даешь гостю, не протягивай левой рукой.
7.Кісіге қару кезенбе – не направляй оружие на человека.
8.Жалғыз ағашты кеспе – не руби одинокое дерево.
9.Жыңғылмен атты қамшылама – не погоняй лошадь гребенщиком.
10.Көгалды таптама – не топчи поляну.
Қожанасыр бір мейрамхананың алдына тауарларын жайып қойып, сауда жасап жатқанында мейрамхананың иесі Қожанасырға:
-Қожеке, әр күні мейрамхананың алдында тамақтардың иісін пайдаланасыз, мұның ақшасын төлеуіңіз керек! - дейді.
-Тамақтың иісіне де ақша төлене ме?
-Иә, менің тек қана палау мен мантыларыма ғана емес, олардың иістеріне де ақша төлейсіз, әйтпесе қазыға барып сөйлесеміз.
Екеуі бірге қазыға барады. Қазы:
-Ал Қожеке, бұған не айтасыз? - дейді.
-Дұрыс, - депті Қожа. Тамақтардың иісінен аузымның суы құритыны рас, бірақ әр күні санаған ақшамның дауысын естіген бұл кісінің ойына ақша келетіні де рас. Ендеше тамақтың иісіне ақшаның дауысымен төлеп, бұл есепті жабайық... как-то так