Дәйек сөз, цитата (лат. cіto– келтіремін, шақырамын) – түпнұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді. Автордың ойын беделді пікірлермен тиянақтау үшін, біреудің пікіріне сын айту үшін, құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады.[1]
Дәйек сөз, негізінен, ба з материалдарында, ғылым еңбектерде, кітаптар мен әр түрлі қолжазбаларда, баяндамалар мен сөйлеген сөздерде келтіріледі. Дәйек сөздер ғылым еңбектерде пайдаланғанда, сол еңбекте айтылатын оймен логикалық тұрғыдан қабысып, жарасым табуы тиіс. Айтылмақ ойды одан әрі дамытып, жаңа деректермен толықтырып тұру керек. Сонда ғана ол өз міндетін атқарады. Әдетте, зерттеу еңбектерінде, көбінесе әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым қайраткерлері пікірлерінен дәйек сөздер алынып отырады. Мұның өзі үлкен талғаммен, орынды алынса, еңбектің сапасын арттыруға есебін тигізеді.
Дәйек сөз көбінесе ықшам түрде алынады. Сөйлем ұзақ болған жағдайда керекті жерін алып, қысқартылған сөздер орнына көп нүкте қою шарты бар. Дәйек сөз, әдетте, тырнақшаға алынып жазылады. Міндетті түрде дәйек сөз алынған еңбек, оның авторының аты-жөні сілтемелерде анық, нақтылы көрсетілуі тиіс. Эпиграф та дәйек сөздің бір түріне жатады
Интернет барлығына пайдасын тигізіп жатады . Интернеттен адамдар не көршісі келсе де өздері біледі . Интернет ақпарат барлығы үшін пайдалы болды . Бірақ оған тәуелді болып қалғандар қаншама . Өз бетінше еш нарсе жаза алмайды немесе кітаптан ізденбейді . Осы Интернет ақпараттың кесірі көзге , денеге келеді . Егер оны көп пайдаланбаса тең оң жағын күтумен болады . Интернет ақпарат арқылы үйде отырған ата - аналар тәтті тағамдарды пісіруді , бір затты жөндеуді үйренеді . Балалар үшін пайдасы қызықты мәліметтерді іздеп таба алады . Білмеген сұрағына жауап оңай ала - алады . Сондықтан Интернет ақпаратты дұрыс қолдана білу қажет .