Талай дүрбелең оқиғалардың куәсі болған, бүгінде көненің көзіндей ортамызда жүрген , ел қадірлеген, ауылдастарына сыйлы қарияларымыз баршылық. Солардың бірі – Алтынбел ауылының тұрғыны, жасы сексенге таяған Тоқтарбек Ошанов. Ол 1939 жылы Үштөбе ауылында қойшының отбасында дүниеге келген. Жергілікті мектептен білім алған соң, ол 1953 жылдан бастап, әкесінің қасында көмектесіп жүріп, шопан еңбек жолын бастайды. Т.Ошанов бұрынғы Ленин атындағы колхозда 45 жыл шопан болған. Шопан болғанда да қатардағы жай шопан емес, ұжымшар, аудан бойынша үздік атанып, талай марапаттауларға ие болған шопан еді.Бүгінде ауылына сыйлы азамат, мейірімді ата, қамқор әке болып, зейнетке шыққан шағында балаларының қуанышына бөленіп, немерелерінің қызығын көруде. Еңбек майданындағы еліне еткен жемісті еңбегі еленіп, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, ауылшаруашылық жетістіктер көрмесі (ВДНХ), «Еңбек ардагері» басқа да төсбелгілерімен марапатталған.
Ат спортының түрлері -
аламан бәйге - алыс және өте алыс қашықтарға атшабыс,
байте - ойлы қырлы жерлермен атшабыс,
ат жегу - тез арада атты дайындау,
ат омырауластыру - атты итерістіріп шеңберден шығару,
аударыспақ - ат үстінде алысу,
жорға жарыс - жорғалар сыны,
құнан бәйге, дөнен бәйге, тай жарыс - жылқы түліктерінің жарысы,
қыз қуу,
көкпар - командалық ойын,
жамбы ату - шауып келе жатып нысана көздеу,
күміс ілу - жерден күміс тиынды ат үстінен іліп әкету,
сайыс - ат үстінде қарумен жекпе-жек өткізу;
Ақыл-ой ойындары -
шатрантаж (шахматтың бір түрі),
шатраш (дойбының бір түрі),
тоғыз құмалақ - домалақ тас ойыны,
саяттаушы құстарды аңға салу;
Күрес түрлері -
қазақ күресі,
қатын күрес;
Жеңіл атлетика -
жаяу жарыс,
жігіт жарыс,
қатын жарыс;
Күш өнері -
балуан тас,
түйе көтеру,
өгіз жығу,
асық ойындары және т.б,