Көктем.
Ызғарлы әрі қатал қыстан кейін жайма-шуақ көктем де келіп жеткен еді.Көкжар ауылының табиғаты одан әрі әрлене түскен.Ауыл шетіндегі асау өзен толассып айналасын нәрге бөлеуде.Ал айдын көлге жылы жақтан қайтып келген құстар,аққу,тырна,қаздар,қиқулап асыр салып ұшып жүр.Ауылдан біршама қашықтықта жатқан асқар тау бейне бір шамалы жүрсең жетіп қалатын секілді көрінеді.Қаладан ата-әжесінің ауылына демалысқа келген Арман бұл сұлулыққа тамсанып жүрген еді.Қолында ақ парағы мен түрлі түсті қарындаштары да бар.Сурет салып,бұл әдемі табиғатты,көктемнің алғашқы күндерін есіне сақтап қалғысы келгені ғой.Біраз уақыттан соң , суретін тәмамдап ата-әжесіне көрсетіп олардың мақтау сөздерін естіп марқайып та қалған еді.Кейін суретін сөмкесіне салып атасына жас ағаштарды суғаруға көмектеспек болып далаға жүгіріп шықты.Не дегенменде,көктем Арманның ең сүйікті жыл мезгілі ғой.
1. Мектеп, оқушы сөздерін септеу, көптеу, тәуелдеу.
1) Септеу
Атау септік:оқушы,мектеп.
Ілік септік:оқушының,мектептің.
Барыс септік:оқушыға,мектепке.
Табыс септік:оқушыны,мектепті.
Шығыс септік:оқушыдан,мектептен.
Жатыс септік:оқушыда,мектепте.
Көмектес септік:оқушымен,мектеппен.
2) Жіктеу Мектеп сөзі жіктелмейді, тәуеленеді.
Жекеше:
І жақ:Мен оқушымың.
ІІ жақ:Сен оқушысың.
Сыпайы түрде:Сіз оқушысыз.
ІІІ жақ:Ол оқушы.
Көпше:
І жақ:Біз оқушымыз.
ІІ жақ:Сендер оқушысыңдар.
Сыпайы түрде:Сіздер оқушысыздар.
ІІІ жақ:Олар оқушылар.
3) Тәуелдеу
Жекеше:
І жақ:Менің оқушым,мектебім.
ІІ жақ:Сенің оқушың,мектебің.
Сыпайы түрде:Сіздің оқушыңыз,мектебіңіз.
ІІІ жақ:Оның оқушысы,мектебі.
Көпше:
І жақ:Біздің оқушыларымыз,мектептеріміз.
ІІ жақ:Сендердің оқушыларың,мектептеріңіз.
Сыпайы түрде: Сіздердің оқушыларыңыз,мектептеріңіз.
ІІІ жақ:Олардың оқушылары,мектептері.
2. Рухани, Қазақстан сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
Рухани - [3 буын: ру - ашық, ха - ашық, ни - ашық]
р - дауыссыз, үнді
у - дауысты, қысаң, еріндік, жуан
х - дауыссыз, қатаң
а - дауысты, ашық, езулік, жуан
н - дауыссыз, үнді
и - дауысты, қысаң, езулік, жiңiшке
Әріп саны: 6
Дыбыс саны: 6
Қазақстан - [3 буын: қа - ашық, зақ - бітеу, стан - бітеу]
Қ - дауыссыз, қатаң
а - дауысты, ашық, езулік, жуан
з - дауыссыз, ұяң
а - дауысты, ашық, езулік, жуан
қ - дауыссыз, қатаң
с - дауыссыз, қатаң
т - дауыссыз, қатаң
а - дауысты, ашық, езулік, жуан
н - дауыссыз, үнді
Әріп саны: 9
Дыбыс саны: 9