1998 жылы 6 мамырда - еліміз президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылғы 10 маусымнан- жаңа астананың ресми тұсаукесері болып өтті. Содан бері осы күн Астана қаласының туған күні ретінде мерекеленеді.
«Астана-бас қала» - деп айтылуында үлкен сыр жатқан секілді. Ата-анаммен Астана қаласына Қала күнін атап өтуге барғанымда оған мен көз жеткіздім. Жаңа астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынып жатыр екен. Қаланың әсемдігіне қарап көзің тоймайды. Шет елдердегі қалалар секілді. Жаңа қаланың ортасынан бой көтерген Бәйтеректің, Ақ орданың, Үкімет үйібәрі-бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен. Әсіресе алаңқайларға егілген,қазақша өрнекпен бейнеленген қызыл- жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандар, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері менің көз алдымнан ешқашанда кетпейтін шығар. Сонда жүріп жанымда сыныптас достарым болмағанына өкіндім. Мүмкін биылғы оқу жылында сыныпымызбен ұйымдасқан түрде Астана қаласына барармыз деп ойлаймын. Бұл менің ғана емес, көптеген достарымның арманы. Ал жақсы нәрсені армандау, жақсы ниет жасау кез-келегн қазақ баласына тән қасиет.
Достық адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сайқтай білу өте маңызды. Себебі әрқайсымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашанкөптік етпейді. Еліміздің асқақ ақыны, патриоты, ұлт жанашыры Мұхтар Шахановтың:«Достық деген ізгіліктің алаңы,Оған куә ғасырлар мен замандар.Отанын да сатып кете аладыҚиын шақта досын сатқан адамдар!»деген жолдарынан достықты қандай дәрежеде бағалағаны сезіледі. М.Шаханов жүрегіне ең жақын жолдас бола білген бір тұлғаны ерекше атап өткен. Ол тұлға - Қырғызстанның халық жазушысы, қоғам және мемлекетқайраткері, Қырғызстан Ғылым Академиясының, Еуропа Ғылым Академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері - Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов еді [1]. Берілген эсседе түрік халықтарының ең жарық екі жұлдыздары Ш. Айтматов пен М.Шаханов арасындағы адал достық, өзара қолдау мен өмір жолдары жайлы ой қозғалады.Шыңғыс Айтматов әлемдік деңгейдегі жазушы. Бірақ, соның ішінде қазақ халқына ерекше жақындығыменмақтана аламыз. Оның бірінші себебі, ақын қазақ ауылына көршілес өңірде дүниеге келіп, қоян-қолтық араласып өскен. Екіншіден, осының әсерінен көптеген шығармаларында қазақ мәдениетіне жақын рөлдер сомдалған. Оған жазушының әлемге танымал еңбектерінің бірі «Жәмила» дәлел бола алады. Үшіншіден, Ш.Айтматовтың қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалымы М.Әуезовты пір тұтуы қазақ халқынадеген ерекше ықыласын көрсетеді.