Менің әжем ең тамаша адам. Әже Үш ақ әріптен тұратын не деген асыл, аяулы да ардақты жан! Мен кішкентайымнан әжемнің қолында өсіп, тәрбие алып келем. Әжетайым мен үшін ең жақын адам. Ол мені әрдайым еркелетіп, ұйқыдан оятады. Сондықтан әжемнің «құлыншағым, ботақаным, айналайын» деген сөзі үнемі құлағыма келеді.
Жасы үлкейген сайын сәл нәрсеге ренжіп қалатынын байқап жүрмін. Сол себептен, сабақтан жақсы баға алып, мейрамымен құттықтап қуантуға тырысамын. Осындай жаныңа жылу сыйлайтын, аялы алақанына салып өсіріп жатқан, әжем жайлы айтпай кете алмаймын. Әдеттегідей, біздің мектепте «Аяулы әже» атты мерекесі өтті. Бұл сайысқа қатысу үшін әжем маған ән үйретті. Әнді тамаша орындап мен бас жүлдеге ие болдым. Осы күні көтеріңкі көңіл-күйімді әжеммен бөлістім.
«Жері байдың елі бай» демекші , қазақ елінің ұлан байтақ жері былай тұрсын, оның табиғаты мен өнеркәсіп жөнінен ерекшеленеді. Еліміздің әрбір жерінде неше түрлі кен орындар,пайдалы қазбалар өндіріледі.
Қазақстан мұнай мен газ, химиялық өнеркәсібі өте бай ел. Көмір де қазып алынады. Химиялық өнеркәсіпте алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және т.б бар. Пайдалы қазбалардан негізінен ванадий, скандий, теллур алынады.
Сарыарқа мен Атырау, Алтай мен Қаратау қойнаулары алтын сандық іспеттес. Қазақстан қазба, қазына байлық жағынан дүниежүзіндегі ең бай деген 10 елдің ішіне кіреді.
Қазақстан әлемде вольфрам, қорғасын, барий қорынан 3 орын, мыс мөлшерінен 4 орын, уран рудасынан 5 орын, темір 7 орын, қалайы мен никельден 8 орын, көмір мен газ қорынан 9 орын алады. Мұнай қоры жөнінен Парсы шығанағындағы елдер, Латын Америкасы, Ресей, АҚШ кейінгі 13 орында алады.
Қазақстанда 6000 нан астам пайдалы қазбалардың кен орындары бар.
Еліміз өзге шетелдіктермен саудаласып, экономикасын дамытуда.
Дегенмен, жеріміз бай екен деп, жер қойнауындағы пайдалы қазбаны тек өзіміз қана пайдаланып немесе сатпы қоймай, келеп ұрпаққа қалдыру мақсатында үнемдеуіміз керек. Жер байлығының қоры шексіз емес екенін ұмытпайық.
Объяснение: