Оқылым анықта. -тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Негізгі және қосымша ақпаратты Қазақстан – Ұлы дала елі. Ұлы далада біздің ата-бабаларымыз өмір сурген. Біз – көк аспан мен шексіз жасыл даланы мекендеген Ұлы даланың балаларымыз. Ұлы даланың табиғаты қоңыржай. Мұнда қазба байлықтар да, бидай да бар. Елімізде төрт климаттық аймақ бар: дала, орманды-дала, шөлейт және шөл аймақтар. Қазақстан - далалы ел. Дала бүкіл жер көлемінің 26%-ын алады. Жазы ыстық, қысы өте суық. Мұнда негізінен суарылмайтын бидай өсіріледі. Қара топырақты орманды-далалы аймақ жер көлемінің 0,4%-ын алады. Егіншілік жақсы дамыған. Мұнда суарылмайтын жаздық бидай өсіріледі. Шөлейт жер көлемінің 10%-ын алады. Шөлейттің климаты құрғақ, тым континентті. Жауын өте аз, көктемнің аяғы мен жаздың басында жауады. Жазы ыстық, қысы суық, ашық аязды күндер көп болады. Жазда өзендердің көбінің суы құрғайды. Шөл дала жер көлемінің 44%-ын алып жатыр. Шөлдің ең үлкені Қызылқұм. Жердің бедері мен құмның түсі қызғылт сарғыш. Климаты құрғақ. Онда жазда аптап ыстық, ауызсу жоқ. Ылғал мөлшері өте аз. Сондықтан өзен бойына суармалы күріш, тез пісетін арпа егіледі.
Астана арман қала
Астана - Еуразияның қақ ортасында орналасқан еліміздің бас қаласы. Бұрынғы аты - Ақмола, Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша "әлем қаласы" атағын алды.
Жаңа қала Астана қарқынды дамып келеді. Небәрі жиырма жылдың ішінде қалада қаншама зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Халық саны басында 270 мыңнан қазір миллион тұрғынға жетті. Елордада халықаралық, мемлекеттік ұйымдардың бас филиалдары орналасқан. 2011 жылы Астанада 7 - ші Азия ойындары өткізілген болатын, ал 2017 жылы Халықаралық EXPO 2017 көрмесі өткізілді.
Елордамыз әлемдік қартада өзіндік ерекше орны бар, қайталанбас тарихы мен мәдениеті бар астана ретінде танылған.
Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. Оның өзі Елбасының ізгі саясаты, көрегендігі мен кеменгер ойының жемісі, арманы, мақсаты, халқының тарихынан нәр алғандығы шығар. Астанамыздың шаңырағы биікке көтеріліп, уығы нық қадалып, керегесі келісті жайылды деуге болады. Астана қазірдің өзінде азиялық байтақтардың арасындағы ең бір еуропалық қала. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуразиялық ел екенін, оның астанасының орасан зор қос құрлықтың, өкпе тұсында орналасқанын, демек келешекте қаланың осынау ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, 21 ғасырдағы экономикалық, технологиялық, ақпараттар тасқынының арнасына айналатынын атап көрсеткен болатын.