Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана тілімді:
Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.
Асан мен Үсен дос болыпты.Асан байдың баласы ал Үсен жарлының баласы екен.Бір күні ел көшіп,қыр астында ойнап жүрген балалар ұмыт қалады.Ауылға келсе ауыл жоқ,жұртта қалғанын білген Асан жылай бастайды.Үсен оны тыныштандырып,көштің ізіне түседі.Үсеннің тапқырлығы мен ақылының арқасында жолда аш болмай үйрек,балық аулап жейді.Жол жүріп шаршап,қабірлер орналасқан жақын жерден ауылды табады.Асан мен Үсен аман -есен ауылдарын тауып келеді.