ответ: 1.Үйсіндердің салт-дəстүрі туралы ғылыми деректер аз. Ертедегі үйсіндердің түсінігінше, өлген адам тіріледі деп сенген. Сондықтан да адамды жерлегегде оған о дүниеде керек болады-ау деген заттардың бəрін қосып көмген. Тірі кезінде пайдаланып жүрген заттардың бəрін қоса көмген. Көптеген бейіттерді қазғанда табылған заттар осыны дəлелдейді. Тамақ ішетін ыдыс-аяқтар, тұрмысқа қажетті басқа да бұйымдар жиі кездеседі. Ер адамдардың жанына сауыт - саймандар, қару-жарағы: садақ, жебелер, қанжар, найза, қамшы, пышақ секілді заттар қойылған.
2.Ал Қаңлылар арасында ән-күй,музыка,би өнері жақсы дамыды.Қос ішекті және бес ішекті музыкалық аспаптар мен сыбызғы сырнайлар болған.
Қаңлылар айға,күнге жұлдыздарға табынған.
Ата-балалары рухына сиынған.Табиғаттың тылсым күшке сенген,соған арнап арнайы малдарды құрбандыққа шалған екен.Қайтыс болған адамды киіммен жерлеген,оның қасына су,тамақ салған,қажетті заттары қойылған.
Обяснение: вот енді незнаю ?
Спорт киімдері туралы диалог.
Алтынай: Апатай, қолыңыз бос болса, сізге бірер сұрақтарым бар еді...
Ханшайым: Айта бер, жаным. Қандай сұрақтар? Білсем, жауап берейін.
Алтынай: Сіз қанша дегенмен спорт саласында жұмыс істейсіз ғой, үй тапсырмасындағы жаттығуда маған спортшылардың киімдері туралы сұрақтарға жауап беру керек.
Ханшайым: Ондай болса, оңай екен. Сұрай бер.
Алтынай: Барлық спортшылар жаттығу барысында міндетті түрде қандай киім киеді?
Ханшайым: Спортшылар міндетті түрде спорттық шалбар мен нымша (блуза) киеді
Алтынай: Киімдер түймелі болады ма?
Ханшайым: Жоқ, көбінесе киініп – шешуге ыңғайлы болу үшін киімдер сыдырма ілгекті болады.
Алтынай: Кеңінен таралған спорттық киім түрі?
Ханшайым: Қысқа (трусы) мен майка.
Алтынай: Комбинезонды кімдер киеді?
Ханшайым: Шаңғышылар, тау шаңғышылары, трамплиннен секірушілер мен шанамен сырғанаушылар.
Алтынай: Ал коньки тебушілер қалай киінеді?
Ханшайым: Олар синтетикалық матадан тігілген қозғалысқа кедергі келтірмейтін капюшоны бар арнайы комбинезон киеді.
Алтынай: Редингот деген не және оны кімдер киеді?
Ханшайым: Ат спортына қатысушылар редингот деп аталатын арнайы пенжек киеді. Редингот дегеніміз – ілме өңірлі (однобортный) артында ойығы бар ұзын пенжек.
Алтынай: Апатай, барлық сұрақтың жауабын біледі екенсіз! Сізге көп рахмет! Сабақта «бес» алатын болдым!
Ханшайым: Оқасы жоқ, жаным. Көмектесе алғаныма қуаныштымын.