Елімізде туризмді дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Туризмді дамыту арқылы Қазақстанның экономикалық жағдайын жақсартып, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге болатыны да белгілі.
"Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары" диаграммасында ең төмен көрсеткіш ерекше қорғалатын табиғи мұраларда болып тұр. Сондықтан осы саланы дамыту керек деп ойлаймын.
Халықар. стандарт бойынша әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10 – 12%-ы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бөлінуі тиіс. Мысалы, мұндай көрсеткіш Германияда 31,5%, АҚШ-та 15,8%, Жапонияда 14%, т.б. 2008 ж. Дүниежүзілік мұралар комитетінің 32-сессиясының шешімімен ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік табиғи мұралар тізіміне, Орта Азия мен Қазақстан бойынша алғаш рет Қорғалжын қорығы мен Наурызым қорығы енгізілді.
Объяснение:
Бүгін біз сіздердің назарларыңызға Қазақстанның қайталанбас сұлу табиғаты бар өңірлер мен ғасырлар қойнауынан сыр шерткен мекендерінің 25 үздік топтамасы.
1. Астана
Астана – Тәуелсіз Қазақстанның символы және бас қаласы. Дәл осы жерде ең маңызды саяси және экономикалық оқиғалар өтеді. Мұнда ҚР Президентінің резиденциясы – Ақорда, елдің ең басты монументі – Бәйтерек, сондай-ақ танымал «Атамекен» этно-мемориалдық кешені бар. Ашық аспан астында орналасқан кешендегі шағын макеттер сізге қалада серуендеп жүргендей күй кештіреді. Ал 2017 жылы Астанада EXPO-2017 халық көрмесі өтеді. Бүгінгі Астана – Қазақстанның мақтанышы.
2. Алматы
Алматы үлкен іскерлік және мәдени орталық десек те болады. Ұзақ жылдар бойы қала Қазақстанның астанасы болған. Ол өзінің архитектуралық ескерткіштері және сұлу табиғатымен де танымал. Онда «Медеу» мұз айдыны, Көктөбе, 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағы, Тәуелсіздік монументі, тағы өзге де көрікті жерлер көп. Биік тау баурайындағы қала бүгінде мәдени, тарихи, өндірістік ортаға айналған.
3. Шымбұлақ
«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты – Іле Алатауы шатқалында 2510 метр биіктікте орналасқан. Жайлы климат, шуақты күндердің көптігі, тұрақты қар жамылғысы және табиғаттың таңғажайып көрінісі бұл жерге қысқы спорт түрлерін жақсы көрушілерді ғана тартып қоймайды. Сонымен қатар табиғат аясында, таза ауамен тыныстауды жақсы көретін жандар үшін де таптырмас орын. Онда келушілерге арналған үлкен шаңғы трассасы бар. Шаңғыға алғаш тұрған адамдар да, бұл спортпен кәсіби айналысатын жандар да сол жерден табылады. Шымбұлақтағы қалың қар қабаты желтоқсаннан сәуір айына дейін жатады.
4. Түркістан
Қазақстанның ең көне қалаларының бірі. Оның ең басты көрнекті жері V ғасырда іргесі қаланған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Ол сол заманның ерекше сәулет туындысы болып табылады. Күмбезі қыштан соғылған ғимарат ішінде үлкенді-кішілі 35 зал мен бөлме бар. Олардың барлығы бір-бірімен қос қабатты 8 дәлізбен және әртүрлі өтпелі баспалдақтармен жалғасып жатады. Орталық залда үлкен қазан орналасқандықтан ол жер «қазандық» деп аталады. Қазан түркі халықтарының қонақжайлылығы мен бірлігінің символы .
Науша Мырзагерейұлы Бөкейханов (1870, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы — 1944) — домбырашы, күйші, қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінің негізін қалаушылардың бірі.
Күйші-композиторлар Салауаткерей мен Макар Жапаровтың шәкірті болған, халық композиторы Дәулеткерейдің күйшілік дәстүрін біздің заманға жеткізген. Бөкейхановтың шығармашылық өнер жолының қалыптасуына А.В. Затаевичпен кездесуі (1927) зор ықпал етті. Оған “Жігер”, “Керілме”, “Ақсақал”, “Терісқақпай”, “Сыбырлақ”, “Қос ішек”, “Ысқырма”, “Топан”, “Салық өлген” сияқты 20-дан астам күйлер жаздырды. Сондай-ақ, Қазақтың халық аспаптары оркестіріне 30 күй тапсырды. Домбырашының репертуарында халық композиторларының 90-нан астам күйлері (оның ішінде Дәулеткерейдің 50 шақты күйі) болған. Бөкейхановтың орындаушылық өнері музыкалық образды бейнелеу шеберлігімен, көркем саздылығымен ерекшеленеді.