[5]
А мәтіні
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жапонияда Keio университеті шетелдік студенттерге стипендиялар ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат Болашақ бағдарламасының сайтына сілтеме жасап хабарлайды. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Токиода Қазақстан Тәуелсіздігіне орай 28 шақырымдық жаяу шеру өтті Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияның Императорына көңіл айтты Keio университеті Жапонияда Global Information and Governance Academic Program (GIGA) бағдарламасы бойынша білім алу үшін шетелдік студенттерге стипендиялар ұсынады. Курсты аяқтаған студенттер Қоршаған орта және ақпараттық зерттеулер саласы бойынша бакалавр дәрежесін иеленеді. Өтініш беру мерзімі: 12 ақпан 2020 ж. Курс деңгейі: стипендия бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуға арналған Зерттеу пәні: Стипендиялар Ақпарат және басқару бойынша Жаһандық академиялық бағдарламаны (GIGA) зерттеу үшін беріледі. (https://www.inform.kz/kz/zhaponiya-universiteti-kazakstandyktarga-oku-stipendiyalaryn-usyndy_a3600656)
Ә мәтіні
...Бүгінгі Индия тарихының ең көрнекті және жауапты басшылары бұл үш адамның ауыздарынан естілген сөздер бізге қажет те, қымбат та еді. Әрине, аз кездесу үстінде сыпайылық, құрмет сөзден басталатын мәжілістер, сол сыпайылық түрінде, жалпы ретте ғана кейбір үлкен-үлкен жайларға мегзеп өтті. Мысалы, президент Раджендр Прасад бүгінгі Индияның саясатындағы бір ерекше жол-жөнді түсіндіре сөйледі. Ол кісі Индияның үкіметінің ешбір зорлықты сүймейтіндігін айта келіп, Индияда республика жасау жолында болған өзгерісті айтты.
"Біз көп князьдікке бөлінген құрама Индиядан біртұтас республика жасадық. Сонда қан төкпей, қарулы күрес жасамай, тыныштық жолмен осыған жеттік",— деп, өз партиясының программасынан сәл дерек бере айтты.
Ал президенттің орынбасары Радхакришнан өздерінің осы саясатын бір Индия үшін емес, бейбітшілік пен тыныштық үшін де пайдалы, жемісті саясат деп атады. "Дүниежүзілік бейбітшілікті жақтап-көксеуші есебінде, біздің Индия саясаты сіздің отанның бейбітшілік саясатына да көмек етіп отыр" деген жайды аңғартты.
А мәтіні
Ә мәтіні
Қай жанрдағы мәтін?
Қандай мәселе көтерілген?
Мәтіндердің құрылымы мен рәсімделу ерекшеліктеріне дәлел
1.
2.
3.
1.
2.
3.
Жауаптары:
Жауаптары:12 - билет
3) Мәтіндегі тәуелдік жалғауы бар сөздер:білімнің, адамның.
20-билет
1) Мәтінді оқып,сұрақтар қой.
1.Қандай адам болашақта дегеніне жетеді? (Арманшыл адам)
2.Қай кезден бастап адам өзінің жүрегі қалаған мамандыққа бейімделе бастайды? (Жас кезден)
3.Жастардың басты міндеті қандай? (Ата-ананың, ұстаздың берген сапалы білімі мен өнегелі тәрбиесін дұрыс ұғынып, түсініп оқу ).
23-билет
2) Жалғаудың түрлері,мысал.
Жалғау — сөз бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Жалғаудың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік.
Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша.Мысалы: менің қаламым; сенің қаламың; сіздің қаламыңыз, оның қаламы.
Септік жалғаулары арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де, есімдер өзді-өздері де жалғасып әр алуан қарым-қатынасқа түседі.Мысалы,еңбек,еңбектің,еңбекке,еңбектен,еңбекті,еңбекте,еңбекпен т.б.
Көптік жалғау — жалғанған сезіне көптік мағына беретін қосымша. Көптік жалғауының дыбыс үндестігіне қарай алты варианты қолданылады: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер(қала-лар, мекеме-лер, ғалым-дар, езен-дер, ат-тар, шөп- тер).
Жіктік жалғау – баяндауышқа ғана тән жалғау.Мысалы,мен бардым,ол отырды,біз келдік т.б.
25-билет
2) Үндестік заңының ережесі,мысал.
Үндестік заңы – түбір мен қосымшаның және сөз аралығындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал жасап, өзара үйлесіп, айтылуын үндестік заңы дейміз.
Оның екі түрі бар: 1) буын үндестігі, 2) дыбыс үндестігі.
Тіліміздегі сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады.
Мысалы:
Жуан сөздер: балалар, қалалар, қызылдау.
Жіңішке сөздер: жерлерді, ініміз, күнделік.
3) "Азамат","қайраткер" сөздерін жіктеу.
Жекеше:
І жақ:Мен азаматпын,қайраткермін.
ІІ жақ: Сен азаматсың,қайраткерсің.
Сыпайы түрде:Сіз азаматсыз,қайраткерсіз.
ІІІ жақ:Ол азамат,қайраткер.
Көпше:
І жақ: Біз азаматпыз,қайраткерміз.
ІІ жақ:Сендер азаматсыңдар,қайраткерсіңдер.
Сыпайы түрде:Сіздер азаматсыздар,қайраткерсіздер.
ІІІ жақ:Олар азамат,қайраткер.