Сәуірдің бірі Жазгытұры қалмайды қыстың сызы
1 - тапсырма: мәтінді оқып, кестені толтыр
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы қазіргі Семей
облысының Абай ауданында туған. Абайдың әкесі білімді, беделді адам болған. Шешесі
Ұлжан қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам еді. Әжесі Зере мен анасы Ұлжан
Абайға ертегі, аңыз әңгімелерді айтып, тәрбиелеп отырды. Әкесі Құнанбай Абайды 9
жасында Семейдегі діни мектепке береді. 13 жасында үш ай орыс мектебінде оқиды. Абай
Пушкин, Лермонтов, Крыловтың шығармаларын көп оқып, қазақ тіліне аударды. Абай
аударған Пушкиннің «Татьяна әні», Лермонтовтың «Қараңғы түнде тау қалғып» деген
өлеңдеріне ән де шығарды. Ол қазақ халқын мәдениетке, орыс халққымен дос болуға
шақырды. Абай Құнанбайұлы 1904 жылы қайтыс болды. Шығармалары 1909 жылы
Петербургте жарық көрді. Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов «Абай
жолы» эпопеясын ақын өміріне арнады. Абайдың әйгілі шығармалары: 45 қара сөзі,
«Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Ғылым таппай мақтанба» т. б.
Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат
Мәтін бойынша сұрақтар
Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен
жазындар
1845 -
Менің сүйікті қалам
Алматы - менің сүйікті қалам. Не себепті деп сұрасаңыз, Алматы - Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.
Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.