Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер.
Жол белгілерінің бекітілген суреті мен техникалық сипаттамалары «Жол белгілері мен сигналдары туралы» Конвенция (Вена, 1968) мен осы Конвенцияны толықтыратын Еуропа елдері келісімі (Женева, 1971) талаптарына сәйкес жасалады. 1998 жылға дейін Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:
ескерту белгілері
басымдылық белгілері
тыйым салу белгілері
міндеттеу белгілері
ақпараттық-көрсеткіш белгілері
қызмет көрсету белгілері
Қосымша тақтайшалар
Объяснение:
дурыссс
Адамдық борыш - өзіне ғана емес, өзгелерге көрсете алатын қызметі. Халқыңа қызмет етсең, сенің білімің, кісілігің мол дегенді білдіреді. Ал, адам өзінің жеке басынан аса алмай, күйбең тіршіліктен шыға алмаса, ол өз бойындағы қуатын халқына бере алмаса, ол адам күйзеліске ұшырайды. Халыққа қызмет ету азаматтың кемелденуіне, өрісінің кеңеюіне үлкен әсер етеді. Ал, Шәкәрім қажы адамдық борыш турасында: «Ақжолдан айнымай, Ар сақта, оны біл», - дейді. Сонда таза ісімен, адал еңбегімен және харекетімен көрінетін адамдар болады, олар өзінің ең басты өмір сүру кеңістігі өз халқына еңбек қылу деп есептейді. Шәкәрім сондай адамдар туралы айтып отыр. Алайда, көшпелі ортада адамдық өзінің функционалдық болмысы жағынан туыстық-рулық байланыстардың іргелі нормалары және принциптерімен біте қайнасып жатқандығын аңғаруға болады. Мысалы, көшпелі ортада қоғамдық қатынасты реттеудің ең ілкімді принциптерінің бірі ағайыншылықтың басты шарты адамдық болды. Яғни адамдықты ұстанған руластардың арасында ғана ағайыншылық жүрмек. «У ішсең руынмен» деп келетін мәтел сөздің туыстық-рулық қатынастарды ұйымдастырушылық принципі ретіндегі әлеуметтік-институционалдық қауқары дамдықтың сақталуына тығыз байланысты болды.
Объяснение:
хватит?