Қазақстанда 48 мыңнан астам көл бар, оның жалпы көлемі 45 мың шаршы км. Олардың ішінде өте үлкендері - Каспий және Арал теңіздері. Кез-келген картадан Балқаш, Алакөл, Зайсан көлдерін және Ертіс, Тобыл, Есіл, Сырдария, Іле өзендерін табуға болады. Қазақстан көлдерінің жартысынан көбі оның солтүстігінде, әсіресе орманды дала аймақтарында орналасқан. Мұндағы қамысты-қоғалы және басқа да су маңы өсімдіктерінің ну тоғайлары, тұщы сулы көлдер әртүрлі жануарлар үшін пана, әрі қорек. Мыңдағы үйрек, қаз, аққу, құтан, шағала мен батпақты құс осы көлдерде ұялайды да, көктем мен күзде жыл құстарының алып қоныс аударуы байқалады. Олар Сібр тундраларынан Оңтүстік Азияға қыстауға ұшып кетеді және керісінше. Солтүстік Қазақстандағы көлдердің маңызы өие зор, мұнда Батыс Сібірден жаз соңында ұшып келген, үйрек, қаз, тырна және басқа да су және су маңы құстарының түлеуі жүреді. Шөл мен шөлейтті жерлерде - жағалары ашық, балшықты және құмды қайраңдардан, тұзды топырақтан тұратын тұзды көлдер көп. Бірақ мұнда тұщы суаттарды қалың қамыс бекінеістері алып жатыр, мысалы, Балқаш маңы ну қамысында жарты ғасыр бұрын тіпті жолбарыс мекендеген. Шөл суаттарында оңтүстікке тән қанаттылар - бірқазан, суқұзғын, жалбағай, қарабайлар, құтандар (көкқұтан, жирен, сары, үлкен-ақ, кіші құтан), сонымен қатар, бұларға туыс бақылдақ құтан, әупілдек; шағала, көк шағала, үлкен қарқылдақ, қаратұмсық қарқылдақ және тағы басқалар мекендейді. Шөл көлдеріне құятын өзен алқаптарында ағаш-бұталы өсімдіктер жақсы жетілген, бұлар көптеген жануарларға пана. Шөл өзендерінің атырауы жануарлар әлеміне өте бай, Қазақстанда бұрын Сырдария атырауы, қазір ірі Іле өзені атырауының маңызы зор.
Көптеген тілдерді білудің артықшылығы біз үшін маңызды, ал бұл сіздің болашағыңызға үлкен әсер етеді. Көптеген тілдерде сөйлейтін болсаңыз, сізде көптеген мүмкіндіктер болады. Біздің мемлекет көпұлтты және бір тіл білу жеткіліксіз. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылады. Біздің азаматтық борышымыз - бұл тіл меңгеру. Сондықтан әрбір адам өзінің ана тілін білуі керек. Ана тілі - байлық. Отандықтан басқа бірнеше тілдерді білу өте маңызды. Адамдар тілдерді қаншалықты көп білсе, соншалықты көп мүмкіндіктері бар. Кейбір адамдар тілге үйренеді, себебі олар жұмысқа қажет, ал басқалары шетелге кетеді. Полиглоттар - көптеген тілдерді білетін адамдар, келісетін болсақ, мұндай адамдар қай жерде болса да көп қажет және бұл мамандықты табу оңай. Мұндай адамдардың ерік-жігері мен шыдамдылығы бар, өйткені бейтаныс тілді үйрену оңай емес, сонымен қатар басқа адамдарға оңай өмір сүре алады, өйткені олар көптеген жолдар ашық.
Ертеде, ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бір патша бар екен. Оның жалғыз ұлы болыпты. Ол ұлы ажалы жетіп ауырып өліпті. Жалғыз ұлының күйігінен патша далаға шықпай жатып алыпты. Бұл патшаға бірнеше патша көңіл сұрай барыпты. Сонда да тұрмапты. Патша басқармаған соң елі күйзеліпті. Осы елде жан ашыр адамы жоқ, әке-шеше, аға-іні дегендей туған туысы жоқ үш жетімек бар екен. Бұлар үшеуі ақылдасып «біз патшаның көңілін сұрасақ қайтеді» деген оймен патшаға бармақшы болады. Бұлар халықтарына «біз барып көңіл сұрасақ қайтеді» деп ақылдасады. Халықтары: «Сен үшеуің түгіл сендерден де зорлар барып көңіл айтқан сонда да тұрмаған патша, сендерге тұра ма?» - депті. Әрине ол уақта жетім-жесірді көрсе де көзге ілмейтін уақ қой. Осы күні бұл үшеуі жылап-жылап ауылына қайтады. Тағы бір күні үшеуі ақылдасып, алған бетімен патшаның ордасына бармақшы болып, үйінен шығып, сол бетімен ордаға келеді. Барайын десе алдындағы қарауыл рұқсат етпейді. Осы жерде бұлар тұра береді. Ол қарауылдары барып, патшаға хабар етеді. Бала деген соң «патша қандай жұмысы бар екен, әкел» дейді. Сонымен үшеуі барып отырады. Онан соң патша: «Қош, жұмыстарың не, айт», - дейді. Үшеуінің ішінде біреуі тұрып айтады:

Объяснение: