М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации

2-тапсырма. Мәтін не туралы? Мәтіндегі оқшау сөздерді анықтап, мағыналық түрлерін ажыратыңдар. Менің жастығым а ң қызметіне берілді. Мүмкін, мен жастығымды қайыра алмаспын. Бірақ ол босқа кетпейді, менен кіші інілерімнің еншісіне тиеді. Кейінгі жастар, жас інілерім, сендер бақыттысыңдар. Сендер соғыс дегенді білмейтін боласыңдар. Біз жастығымызды сендердің бақыттарыңның жолына құрбан еттік. Менің момын да бауырмал, ардақты елім бар. Сол елім мен аттанарда: – Тас түлегім, қиын бір кезең келіп қалды: жау жағадан, бөрі етектен алғалы тұр. Аттан, қуып-жойып қайт! Ұлым, сен кәрлі кезең, соғысты заманның жігітісің, жауынгерше қимылдай біл! – деген болатын. Мен мұны ұмытпаймын. Мен шығыс адамымын, батысқа кетіп барамын. Менің елім жақтан шығатын алтын күн мені күні бойы жылытады. Міне, кеш бола бастады. Күн мені қимағандай, ұясына қона қоймай тұр. Маған көзін тура қадап: «Шығыс ұлы, жолың болсын! Шығысқа жеңіс пен қайт! Мен сені Алатаудың аясында қарсы алармын!» – деп тұр. (Баубек Бұлқышев) Қаратпа сөздер Қыстырма сөздер Одағайлар

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Mara1111176
Mara1111176
06.07.2021

Қазақ халқының қонақ күтуі мен қонақжайлығы туралы.

Баяғы заманнан бері осы күнге дейін жеткен дәстүріміздің бірі мен бірегейі – келген қонаққа дастарқан жаю. Бұл дәстүр тек қонақжай қазақ халқына ғана тән дүние десем, артық айтпаспын, себебі үйге қандай кісі келмесін «ең болмаса нан ауыз тиіп кету керек» деген ұғым санамызда бала кезімізден қалыптасқан. Қазағым қашан да бар асылын, бар тәттісін «қонақ жесін» деп сақтаған. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ақсақалдар да үнемі «Дастарқан тек қуанышты себептермен жайылсын! Дастарқан мол болсын! Осындай үлкен дастарқан басында жинала берейік!» деп бата беріп, тілектерін айтып жатады.

Дастарқан жайғанда міндетті түрде ең алдымен нан қойылады. «Ас атасы – нан» деген мақал осыдан шықса керек. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды.

Сыйлы қонақ келсе, бұрынғы кезде мал сойылып, ет асылса, қазіргі заманда мал сойылмаса да, қазанды отқа қойып, қонақтың кәдесін асып береді. Күн демей, түн демей қазан асуға келгенде қарап қалмайтын қазақ аналары мен келіндері ет тамақты нақышын келтіріп дайындайды. Бүгіндері қырық күн тойын, отыз күн ойын жасамасақ та, кез келген жиында осы ас бірінші мәзірде тұрады.

Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы – киелі нәрсе. Бұл тек жайылған шүберек немесе оған қойған ас-ауқат қана емес, бұл – адамның пейілі, ішкі жан-дүниесі, мейірім-шапағаты. Ендеше дастарқанымыз тек қуанышқа жайылсын!

4,5(80 оценок)
Ответ:
fd1132
fd1132
06.07.2021

Ақиқатқа көзім жете жете, басында философ болғым келген, одан кейін ішімдегі толқындар тулап, ақындық қасиет дарып, ақын болам ба дегем. Одан политик, одан кейін әзірге белгісіз. Жалпы спортқа жақын баламын, футбол ойнасам бір желіп шығып қалады, әсіресе финт жасап гол салған. Жалпы футболист болғым келген. Бірақ күш білекте емес, білімде. Әсіресе бұл заманда білім деген сауытың болмаса, мен сол дінін уағыздап шала, мақау молданың, теледидардағы ұзынқұлақтардың арбауына түсетін едім. Жалпы ғылым атаулының бәрі де жақсы. Шүкір өмірге көзқарасым, философиям мықты. Саралап келгенде кім болғым келеді? Ұлт жанашыры, қазақтың атын әлемге паш етіп, Отан үшін отқа түсіп, көзісоқырлардың көзін ашатын ағартушы болсам болғаны

4,4(86 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ