ТАПСЫРМАЛАРЫ № 1 Үстеуге байланысты тест тапсырмалары № 1 1. Дұрыс жазылған үстеуді табыңыз. А) жолжөнекей. В) ала-жаздай С) тасыр-тұсыр Д) ендігәрі Е) быйыл 2. Үстеу дегеніміз не? А) Іс-әрекет, қимылды білдіреді. В) Қимылға, іс-әрекетке еліктеуді білдіреді. С) Заттың сапасын, көлемін білдіреді. Д) Қимылдың мезгілін, себебін, мақсатын білдіреді. Е) Сөз бен сөзді байланыстырады. 3. Күрделі үстеуді көрсетіңіз. А) Бүгін келдім. В) Кеше бардам. С) Әрең көтердім. Д) Балаша сайрады. Е) Шикілей әкелді. 4. Туынды үстеуді көрсетіңіз. А) Әдейі бардым. В) Ертең келеді. С) Әрең жүрді. Д) Жылдамырақ жүр. Е) Талай жүрген жерім. 5. Мезгіл үстеуді көрсетіңіз. А) Бүрсігүні аттанды. В) Ілгері жүрді. С) Қаннен-қаперсіз ұйықтады. Д) Қыруар жұмыс істедік. Е) Өте үлкен екен. 6. Мөлшер үстеудің сұрағын көрсетіңіз. А) қашаннан? В) қаншама? С) қайдан? Д) кімше? Е) қандай? 7. Мекен үстеуді көрсетіңіз. А) Алға қадам басты. В) Әрең-әрең бара жатты. С) Қасақана істеген. Д) Амалсыздан үйіне жүрді. Е) Қолма-қол тапсырды. 8. Мақсат үстеуді табыңыз. А) әлгінде, емін-еркін В) орасан, әжептәуір С) жорта, әдейі Д) тысқары, мұнда Е) амалсыздан, бекерге 9. Үстеу сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр « Үйге қайтатын күнім ертең.» А) пысықтауыш В) баяндауыш С) бастауыш Д) анықтауыш Е) толықтауыш 10. «Тым, ең, кілең» үстеулері мағына жағынан қай үстеу түріне жатады? А) мекен үстеуі В) мезгіл үстеуі С) күшейткіш үстеуі Д) мақсат үстеуі Е) себеп-салдар үстеуі
Анамыз бізді қалай аялап, бағып қақса, Жер ана да бізді солай бағып жатыр. Ата – бабамыз осы жер үшін сан ғасырлар бойы қан төгіп, басын қатерге тіккен. Сондықтан да, біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау – бәріміздің міндетіміз. Адамзат Жер ананы өз қолынан жасады. Мысалы: ағаш отырғызып, гүлдер егіп, жалпы айтқанда өсімдіктер отырғызу арқылы, Жер ананың пайда болуына үлкен үлес қосты.