М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
hatira801
hatira801
21.10.2022 06:49 •  Қазақ тiлi

ТЫНДАЛЫМ Окылым 3-тапсырма. Мәтінді тыңда. Оқы. Біз бүгін Габит Мүсірепов атындағы Қазак, мемлекеттік академиялық балалар мен жас өспірімдер театрының әртісі - Досқан Жол- жақсыновпен кездесу өткіземіз. Кездесуді біздің сынып ұйымдастырады. Бір апта бұрын хабарландыру жаздык, Кеше окушылар кездесу отетін залды безендірді. Саша екеуіміз актер туралы слайд фильм дайындадық. Көрнекті эртiстiң өнері мен өмірі жайлы қызықты деректер іздедік. Көркем фильмдерден үзінділер алдық, Қызықты су MOTHMER реттер таптық, Әнел мен Анна кездесудің сценарийін дайындады. Өнерлі балаларды іріктеді. Концертті Лейла алай иргэн жаксынов Кездесуде Доскан Жолжақсынов өзі тандаган онер саласы, энер мамандығының қыр-сыры туралы сұрақтарға жауап береп), Досжан Mon- актер гана емес, оте шебер эншi той. Ол кiсi домбырамен ән салады. Кездесуден кейін әртіске еңбек сабагында жасаган сыйлыгымыз ды ұсынамыз. Естелікке суретке түсеміз, Бiздiн кеп тәжірибеміз жок, бiра кездесудің сәтті өтетініне сенемін, Әне, әртістің өзі де залга кiрiп келе жатыр... вопросы (5 вопросов)

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Менің өмірімде қойылған мақсаттарым көп. Ең басты мақсатым мектепті жақсы бітіріп, институтқа түсу және ҰБТ-ні жақсы тапсыру. Келесі мақсатым институтқа түсіп оны қызыл дипломмен бітіру.  Және мен өмірімде көбірек сапарға шығуға тырысамын, басқа адамдар қалай өмір сүріп жатқанын көру үшін. Әрине басқа да кішкентай мақсаттарым бар. Мысалы: маған ұнаған киімдерді сатып алу, шетелге барып келу, көлік жүргізу... Кейбіреулері әлі арманым, бірақ мен армандарымыз бізге жаңа мақсаттарымызға жетуге серпіліс береді деп сенемін!
4,4(44 оценок)
Ответ:
lianaderzkaya82
lianaderzkaya82
21.10.2022
ЗАМАНЫҢ ТҮЛКІ БОЛСА, ТАЗЫ БОП ШАЛ.
Если время — лисица, будь гончей,  ухвати ее.

Елдестірмек — елшіден,
Жауластырмақ — жаушыдан.
 
Заман түзелсе,
Жаман да түзеледі.
 
Ханның басын хан алар,
Қардың басын қар алар.
 
Кілемге бергісіз алаша бар,
Ханға бергісіз қараша бар.
 
Қойды құртаң бүлдіреді,
Елді сұлтан бүлдіреді.
 
Хан — қарақшы,
Халық — сарапшы.
 
Хан көп болса — жау көп,
Би көп болса — дау көп.
 
Хан жарлығынан
Қатын жарлығы күшті.
 
Ойында өрелік жоқ,
Ханында төрелік жоқ.
 
Хан сарайы демесең,
Қатын өсек қаптаған.
Қошеметшіл қу өңшең
Ханды ғана мақтаған.
 
Халық қаласа,
Хан қайығын береді.
 
Ханның ісі қараға түседі,
Бидің ісі параға түседі.
 
Басыңа іс түссе:
Бекке барма, көпке бар,
Бек беліңді сындырады,
Көп ісіңді тындырады.
 
Хан халықтан үлкен емес.
 
Арғымақ аттың құйрығы  –    
Әрі жібек, әрі қыл,
Асыл мінез азамат,
Әрі төре, әрі құл.
 
Көп толқыса — хан құлайды,
Көл толқыса — жар құлайды.
 
Ханның қызы шөміш ұстаса,
Қолы жауыр болады.
 
Айырдан туған жампоз бар,
Нар емес десең нанғысыз,
Қарадан туған жігіт бар,
Ханға күнін салғысыз.
 
Төренің тілі тәтті,
Діні қатты.
 
Тура биде туған жоқ,
Туғанды биде иман жоқ.
 
Би екеу болса,
Дау төртеу.
 
Әулекі би
Ат үстінен билік айтар.
 
Туғанына бұрғаны —
Биді құдай ұрғаны.
 
Сын түзелмей, мін түзелмейді.
 
Аяз әліңді біл,
Құмырсқа жолыңды біл.
 
Иілген басты қылыш кеспес.
 
Есіткен құлақта жазық жоқ.
 
Біткен іске сыншы көп,
Піскен асқа жеуші көп.
 
Төбе би де өзіміз,
Төре би де өзіміз.
Қисық болса сөзіңіз,
Құрулы тұр тезіміз.
 
Орайы келген іс — оңай бітер.
 
Есі мақұл дауласса,
Сөздері асқар ала таудай болар.
Бір тентек, бір ақылды дауласса
Атысқан жаудай болар.
Екі тентек дауласса,
Сап-саудай болар.
 
Қисық ағаш үй болмас,
Қыңыр жігіт би болмас.
 
Қол — таразы,
Көңіл — қазы.
 
Ханды құдай ұрғаны,
Халқымен жау болғаны.
Биді құдай ұрғаны,
Билігі дау болғаны.
 
Барымтадан қорыққан
Мал жимас.
 
Би жаманы дауға алдырады,
Жігіт жаманы жауға алдырады.
 
Уәдені бұзған —
Ұяны бұзғанмен тең.
 
Халық түзетпегенді,
Қалып түзетпейді.
 
Өтпес жарлық — бойға қорлық.
 
Алмақтың да алмағы бар,
Ат көтере алмас салмағы бар.
 
Орынын тапқан
Орынсыз қалмас.
 
Тең тартқан
Таразы — алтын.
 
Байлық не керек,
Адалдан жимасаң.
Билік неге керек,
Әділдік құрмасаң!
 
Көзбен көргенді
Құлақпен есіткен жеңген.
 
Болмайтын істің басында болма,
Бітпейтін даудың қасында болма.
 
Әділ бидің өлгені —
Сөзінің болса жалғаны,
Ғұламаның өлгені —
Болмаса тәлім алғаны.

 

Источник: мақал-мәтелдер макал мателдер пословицы на казахском языке казахские
4,8(7 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ