М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
sereser244
sereser244
22.01.2023 08:22 •  Қазақ тiлi

"қазіргі жастардың тіл байлығы неге " төмен эссе 200 сөз
Қазіге керек тез көмектесіп жіберіңіздерші берем

👇
Ответ:
karinaandreevozb5ha
karinaandreevozb5ha
22.01.2023

Бул эссе жазу Гугылда бар карап көр

4,6(73 оценок)
Ответ:
ibufiz18
ibufiz18
22.01.2023

Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда жастардың айтылған ойының астары былай тұрсын, оның мән-мағынасының өзін шала-шарпы ұғынатын болғанбыз. Сөздің қадірін кетіріп, қалай болса солай сөйлей салуға да етіміз үйренген. Қандай жағдайда да сөзге тоқтаған ұлттың сөйлеу мәдениетінен алыстап бара жатуы көңілге кірбің ұялатады. Осындай мәселелерді шешу мақсатында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастар сөзі» еркін пікірталас жобасы аясында «Сөйлеу мәдениеті және жастар қалай сөйлейді» тақырыбында М.Әуезов орта мектебінде пікірталас болып өтті. Бұл шараның мақсаты: қазіргі жастарымыздың сөйлеу мәдениеті қандай деңгейде, жастар ой ойларын анық жеткізе ала ма? деген сауалдардың жауабын алып, берілген тақырыпқа сай ойларын білу еді. Пікірталасқа арнайы қонақ ретінде келген Халықаралық қазақ тілі қоғамы Индер аудандық филиалының төрағасы Шыныбаев Бағытжан Сағызбайұлы өз сөзінде қазіргі жастардың жаргон сөздерді көп қолданатынын тілге тиек етті. Мысалы, «базар жоқ», «тормозы ұстап қалды», «крышасы мықты екен» секілді тіркестерді қолданып сөйлеу жастар арасында кең етек алып бара жатқаны, ана тілімізге деген құрметтің жоқтығы деді. Сондай-ақ, пікірталас келген мектеп оқушылары мен студенттер арасында өз пікірлерін білдірумен жалғасты. «Көктем» қазақ орта мектебінің 8-сынып оқушысы А.Ажгулов: «Қазіргі жастар арасында, шыны керек, сөйлеу мәдениеті жақсы дамымаған. Оған дәлел, біріншіден, жиында бес қазақ, бір орыс отыратын болса, барлығы да орысша сөйлейді, екіншіден, көшеде не сыныпта әрлі-берлі жүрген адамдарыдң айтқан сөздеріне құлақ түре қалсаңыз, көпшілік қазақ тілімен қоса орыс тілін араластыра қолданып сөйлейді, тіпті оны мәртебе көреді. Иә, қазіргі таңда қанша тіл білсеңіз де артық емес, дегенмен, әр нәрсені өз орнымен қолдансақ жақсы болар еді» - деп өз пікірін білдірді. Ал, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ІV-курс студенті Ж.Нариманова: «Қазақ халқы ерте заманнан сөз құдіретін, сөйлеу мәдениетіне ерекше мән берген. Дегенмен де, қазіргі таңда, «ә» дегеннен жырлай жөнелетін, кесек, шебер, шешен сөйлейтін жастарымыз сиреп бара жатқандай көрінеді. Оған өзінің жаңа заманғы жаргонымен сөйлейтін жастардың көбейіп келе жатқаны дәлел бола алады. «Кісіні аузындағы сөзінен таны» деген аталы сөздердің түп-төркініне бойлап қарасақ,бүгінгі жастардың сөз сөйлеу мәдениеті мен сөз саптау шешендігінің қандай дәрежеде екен деген ойға қаламыз. Осы жайын терең ойлаған Елбасымыз «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деп, ең алдымен өз ұлтымыздың ана тіліне ден қоюын баса көрсеткен. Өйткені жайшылықта қазақ тілінің байлығын айтқанда алдына қара салмай, аңқылдай жөнелетін ұлтымыздың бүгінгі жастарына сауал қоя қалсаңыз, екі сөздің басын құрай алмай, ойын жеткізуден қиналып жатады. Десек те, ең бастысы, ана тілінде таза сөйлеп, ел болашағын көтеруге өз үлестерін қосуы қажет»-екенін айтып өтті. Пікірталас соңында қорытынды сөзді А.Сарғойшина алып, «Болашақ жастарымыздың қолында демекші, жастар ана тілін қадірлеп, ел болашағын көтеруге атсалысуы тиіс дей келе, «Жас Отан» ЖҚ жанынан жаңадан құрылған «Ұшқыр ой» дебат-клубының ашылғандығын хабарлап, осы дебат-клубына тіркеліп, белсене атсалысуға шақырды.Қорыта келсек, «Ақыл қайда болса, ұлылық сонда болады, білім қайда болса, сол білікті болады» - дегендей, сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың ең басты шарты – көркем әдебиетті оқу. Сол арқылы тіл байлығын дамытып, шешен сөйлеуге үйрену керек екендігін естер шығармағанымыз жөн.

4,6(50 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
мишка4543
мишка4543
22.01.2023

Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер.1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:

1ескерту белгілері

2басымдылық белгілері

3тыйым салу белгілері

4міндеттеу белгілері

5ақпараттық-көрсеткіш белгілері

6қызмет көрсету белгілері

7Қосымша тақтайшалар.

Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады.

4,6(45 оценок)
Ответ:
dimaandreevich
dimaandreevich
22.01.2023

1)  құрылды-құрылатын(ауыспалы өткен шақ)-құрылған(бұрынғы өткен шақ)-құрылар(болжалды келер шақ)-құрылмақ(мақсатты келер шақ).

таныстыр-таныстыратын-(ауыспалы өткен шақ)-таныстырған(бұрынғы өткен шақ)-таныстырар(болжалды келер шақ)-таныстырмақ(мақсатты келер шақ).

дəріпте-дəріптейтін(ауспалы өткен шақ)-дəріптеген(бұрынғы өткен шақ)-дəріптер(бкш)-дəріптемек(мкш).

орында-орындайтын-орындаған-орындар-орындамақ.

таныт-таныйтын-таныған-таныр-танымақ.

ойна-ойнайтын-ойнаған-ойнар-ойнамақ.

байқа-байқайтын-байқаған-байқар-байқамақ.

елесте-елестейтін-елестеген-елестер-елестемек.

үйлестір-үйлестретін-үйлестірген-үйлестірер-үйлестірмек.

Жедел өткен шақ [-ды,-ді,-ты,-ті]

Бұрынғы өткен шақ[-ған-ген,-қан,-кен]

Ауыспалы өткен шақ[-атын,-етін,-йтын,-йтін]

Болжалды келер шақ[-ар,-ер,-р]

Мақсатты келер шақ[-мақ,-бе,мек,-пек]

Түсінікті болу үшігн

Етістік

құрыл

таныстыр

дәріпте

орында

таныт

ойна

байқа

елесте

үйлестір

Ауыспалы өткен шақ

құрылатын

танысатын

дәріптелетін

орындалатын

танытатын

ойнататын

байқататын

елестететін

үйлестіретін

Бұрығы өткен шақ

танысқан

дәріптеген

орындаған

танытқан

ойнаған

байқаған

елестеткен

үйлестірген

Болжалды келер шақ

болар

танысар

дәріптер

орындар

танытар

ойнар

байқар

елестетер

үйлестірер

Мақсатты келер шақ

болмақ

таныспақ

дәріптемек

орындамақ

танытпақ

ойнамақ

байқамақ

елестетпек

үйлестірмек

Бола ма?

4,7(60 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ