М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
marat5230
marat5230
31.05.2021 01:08 •  Қазақ тiлi

Жазылым Теменде берілген екi такырыптын бiрiн тандап, жазба жұмысын орынданыз. Жазылым жұмысында такырыптан ауыткымай, көтерілген мәселе бойынша өз ойынызды дəлелдеп, кұрмалас сөйлемдердін тыныс белгілерін ережеге сай колданып жазыңыз. 1. Қарулы қақтығыстардың құрбаны болып жаткан жеткіншектердің тағдыры әрбір саналы азаматты бейжай калдырмасы анык. Балалык шагын ұрлаған олардан карулы қақтығысты токтатуды талап етіп, бейбiтшiлiкке шакыра отырып, макала жазыңыз. 2. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану елiмiздiң тұрақты дамуынын негізгі аспектісі болып табылады. Осы пiкiрмен келісу не келіспеу себептерін айқындап, ойынызды дәлелдеп жазыныз

👇
Ответ:
IxJugerNautxl
IxJugerNautxl
31.05.2021

Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану - еліміздің тұрақты дамуының негізгі аспектісі

Қазақстан жер үсті де, жер асты да табиғи ресурстарға бай. Ну орманы да, өзен-көлі де, тау-тасы да жетерлік. Енді сол байлықтарды тұрақты әрі дұрыс пайдалану - экономиканы жандандырады.

Адамның кінәсінен туындаған жаһандық экологиялық проблемаларды ескере отырып, бүгінгі таңда адамзат биосфера ресурстарын пайдаланудағы көзқарасын қайта қарауды қолға алып жатыр. Еліміздегі Арал, Семей экологиясы - соның әлемі. Адам суды, қазбалы отынды, ауылшаруашылық аймақтарын және өнеркәсіпті пайдаланудан толығымен бас тарта алмайды, сондықтан табиғатты пайдалануды ұйымдастыру процесін қайта қарау керек.

Табиғатты пайдалану – адамзаттың табиғи ресурстарды пайдалану арқылы өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметі.

Табиғатты тұрақты пайдалану экономикалық дамудың индустриалды кезеңіне тән. Адамзат дамуының қазіргі кезеңі постиндустриалды деп аталады, ол табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланумен, қалпына келмейтін табиғи ресурстарды пайдаланудан бас тартуға ұмтылумен, «жасыл» технологияларды қолданумен сипатталады.

Айта кету керек, қоршаған ортаны ұтымды пайдалану - бұл ең алдымен адамның өзін қорғау, өйткені таза ауа, су және жеткілікті мөлшердегі табиғи ресурстарсыз адамзат өмір сүре алмайды. Сонымен бірге планета адамсыз өмір сүре алады. Осыған байланысты олар адам мен биосфераның үйлесімді бірлескен эволюциясына – коэволюцияға көшу қажеттілігі туралы айтады. Қазақстан EXPO 2017 көрмесінде де "Жасыл экономиканы" дамыту бағытында түрлі жобалар ұсынды. Табиғи ресустарды тиімді пайдалану үшін су, жел энергиясын сарқа пайдалану керек; орман шаруашылығына қатысты ағаш кесу, от жағу секілді шаралардың алдын алу керек; жоғалу алдында тұрған жан-жануарларды атуға тиым салу керек; өнеркәсіптерден кейін қалған қалдықтарды қайта өңдеу жұмыстарын қарастыру керек; пластик өнімдерді қолдануды қысқарту керек; жер астынан шығып жатқан мұнай, көмір т.б. пайдалы қазбаларды мейілінше үнемді, тиімді жұмсау жолдарын зерттеу керек және т.б.

4,4(69 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Begkakaaa
Begkakaaa
31.05.2021
Қорқыт ата 

Түрік дәстүрін, салтын, әдетін, сенімдерін, басқа халықтардан айырмашылығын, қысқасы, қоғамдық мінездемесін ертегілерінде айтқан, оны бүгінге дейін әдемілеп жеткізген ұлы өнерпаз. Туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Өмір сүрген ғасыры да даулы. Кейбір зерттеушілер оның Әзірет Пайғамбар заманында жасағанын айтады және ғылыми еңбектерінде бұл пікірді дәлелдейтін дастан бөлімдерін келтіреді. Ал 
кейбір зерттеушілер Қорқыт Атаның Оғыз түріктерінің ертекшісі және дастаншысы болғанын айтып, Қорқыттың бүгін қолымыздағы 12 дастан-хикаясынан пікірлерін дәлелдейтін деректер келтіреді. 
Пертев Найили Боратов Қорқыт Ата ертегілері жөніндегі Ислам Энциклопедиясына жазған мақаласында бұл ертегілердің XV ғасырға дейін ауызша болып келгенін, ал XV ғасырдың екінші жартысында Аққойынлылар тарапынан жазылып алынғанын еске түсіріп, қолымыздағы бар мәтіндерде екі бөлек дәуірдің оқиғалары бейнеленгенін көрсетеді. Қыпшақ-оғыз түріктерінің Сырдария солтүстігінде отандарында IX-XI ғасыр арасында кешкен өмірлері осы ертегі-дастандарда көрсетіліпті. Және бұл ертегі-дастандар жазылып алынған XV ғасырдағы Аққойынлы мемлекетінде болған оқиғаларды қамтиды. Қорқыт Ата ертегілерінің негізі қыпшақ-оғыз түріктерінің өмір-тұрмысына негізделген және осы заманның салт, әдет-ғұрып және дәстүр түрлерін көрсетеді. Бірақ нақ осындай салт-дәстүрмен жасаған Аққойынлылар ертелерді қағазға жазғанда кейбір хикаяларды ол күндердің оқиғаларына үйлестіре жасауы мүмкін. 
Кейбір ғылыми еңбектерде Қорқыт Атаның Пайғамбарға елші болып жіберілгені жазылды. Бұл қосымшалардың түріктердің ислам дінін қабылдағаннан кейін жазылуы ықтимал. Қорқыт Ата қыпшақ-оғыз түріктерінің білгіші болып табылады. «Оғыз халқының басына қайыр келетінін сөйлеген едім» деп айтқан хикметтерінен түріктерге жол көрсеткені байқалады және оның бақсы болғандығы жөніндегі ықтималды күшейтеді. Бақсылар әрі ақын болатын, әрі өткен замандардың хикаяларын сөйлейтін, келешектен хабар беретін. Бақсы болғанының тағы бір дәлелі-қолындағы қобызы. Әдетте, қобыз-әулиелердің аспабы. Қазіргі заманда түркі халықтары арасында Қорқыт Ата дастаны кең тараған. Қорқыт Атаның біздің заманымызға дейін жеткен 12 хикаясы бар. Олардың сегізі ішкі және сыртқы соғыстар туралы.Екеуі ғашық оқиғалары жайында болса, екеуі мифологиялық сипатта. Бірақ бәрі де түркі дүниесін шын сипатында көрсетеді. Түркі қауымының қаһармандығы, мәдениетін, мінезін, діни әдеттерін және тұрмыстарын ашып береді. Қорқыт Ата ертегілері мен дастандары-түркі мифологиясының қайнар көзі. 
Қорқыт VIII ғасырда Сыр бойында бұрынғы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші. Сонымен бірге ол туралы көптеген аңыздар сақталған. Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін қайтпас күрескер сипатында айтылады. Бірақ ол өмірінің соңында өлмейтін нәрсе жоқ екен деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді екен. Ұлы күйшіге өзі іздеген мәңгілік өмір оның өнерінде сияқты көрінеді. Ол күйлерін толласыз тартып,дүниеден өтеді. Өзі өлгенмен артында күйлері, ұлғатты сөздері қалады. Ал әдебиет тарихында деректі түрде Қорқыт ата кітабы бар. Қорқыт ата кітабы осы күнге дейін Дрезден қаласында он екі жырдан тұратын қолжазба күйінде және Италияда алты жырдан тұратын қолжазба күйінде сақталып келеді. Қорқыт ата кітабын VIII ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы деуге болады. Оларды жыр түрінде жазған-Қорқыт ата. Кітапта қазақ халқының құрылуына тікелей қатысы бар, тарихта белгілі оғыз тайпаларының тағдырына байланысты оқиғалар баяндалады. Қорқыт ата кітабы мынадай жырлардан тұрады: 
- Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр, 
- Қазан бектің ауылын жау шапқаны туралы жыр, 
- Оғыз қаған жыры т.б. 
Қорқыт ата кітабының жырлары оғыз тайпасының туған жерін, елін сыртқы жаулардан қорғау үшін қан майданға шыққан алып батырларының ерлігі туралы толғайды. Дастанда ерлік, әділдік, адамгершілік, ата-ананы құрмет тұту, уәдеде тұру сияқты ізгі қасиеттер айтылады. Оның қаһармандары қорқақтық пен опасыздыққа, әдіпсіздік пен сарандыққа қарсы күреседі. Қорқыт ата кітабының қаһармандары мен олардың бастан кешкен оқиғалары осы идеяларды аша түседі. Жырлардың тең жартысынан астамы Қазан бектің ел қорғаған ерлігін, ел-жұртқа жасаған ізгілікті істерін жырлауға арналған. Ерлерше қару асынып, жаумен тайсалмай соғысқан Қазан бектің әйелі Бөрілі сұлу және оның ұлы Ораз ел басқарған Баяндыр хан, Дерсе хан, оның баласы Бұқаш, т.б. кейіпкерлер ерлікпен бірге ізгілік те танытады. Қорыта айтқанда, Қорқыт ата кітабы - әр түрлі жырлардың жинағы болса да, ерлік жасау мен ізгілік көрсетуді біртұтас өріп отырады. Қорқыт ата кітабында тәрбиелік құнары мол қанатты сөздер көптеп ұшырасады. Мысалы: 
Жер қадірін ел біледі, ел қадірін ер біледі; 
Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды; 
Ат қиналмай жол шалмас; 
Көңілі пасық ерде дәулет болмас; 
Қар қаншама қалың жауғанмен - жазға бармас; 
Анадан өнеге көрмеген қыз; Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді, т.б.
4,8(10 оценок)
Ответ:
дитус
дитус
31.05.2021

Достық туралы мақал-мәтелдер.

Синонимі бар:

1) Дос — ажарың, жолдас — базарың.

Азаматпен дос бол, қадіріңді біледі.

2) Достық пен жолдастық

Тату үйдің бақыты тасыр,

Ұрыс-керіс үйдің ырысы қашар

Антонимі бар:

1) Алыстағы досыңа 

ат берсең де жарасар —

үйіне мініп барсын деп. 

Жақындағы досыңа

хат берсең де жарасар — 

ұмытса есіне алсын деп.

2) Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды.

3) Дос көңіліңді суытып айтады, 

Қасың ойыңды жылытып айтады.

4) Пайданың зоры – дос үшін шеккен зиян.

Омонимі бар:

1) Айтулы достың малы бір,кемедегінің жаны бір.

Бұл жерде омонимі бар сөз – жан: 1) адамның , жан-жануарлардың (кейде өсімдіктердің де) бойындағы тіршілік қуаты туралы түсінік; 2) бір нәрсенің шеті:үстелдің жаны т.б.

2) Алыстағы досыңа ат берсең де жарасар.

Бұл жерде омонимі бар сөз – ат: 1) адамның есімі; 2) жылқының бір атауы; 2) іс-қимыл:қоянды ат т.б

4,6(31 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ