Объяснение:
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы , жаңашыл педагог , жазушы әрі қоғам қайраткері.
Белгілі ақын Ғафу Қайырбеков Ыбырайға «Дала қоңырауы» деп баға бергені бәрімізге мәлім . Ыбырай атамыздың сол кездегі мектеп ашу ісі , алғашқы оқулық , қазақ даласында қоңырау болып соғылып , жастарды:
Бір Аллаға сиынып,
Кел балалар , оқылық –
деп білімге шақырды . Кеңес дәуірі тұсында бәрі түгенделмесе де , кей қазақ зиялыларының өмірбаяндық деректері , шынайы шығармалары мектептерде , жоғарғы оқу орындарында оқытылды . Сапасы , мазмұны жөнінде әңгіме бөлек , әрине. Алашта Алтынсарин десе алаңдамайтын қандастар жоқ шығар , сірә.
Қазақ даласында мектеп ашу ісі оңай болмағаны рас. Ыбырайға дейін қыздарға арнап ашылған мектеп болмап еді. Ыбырай зиялы, зерделі жан, маңдай терімен , өз күш-қуатымен мектеп ашып, қазақ балаларының білімге деген құштарлығын оятқан. Ыбырайдан бастау алған мектептер қазақ қыздарының көзін ашып, ер азаматтар мен тең дәрежеде білім алуына мүмкіндік бергені, мені қуантады! Кезінде Ыбырайдан бастау алған білім бұлағың сусындап, бүгінгі қыздарымыз, әпкелеріміз қоғамның түрлі саласында қызмет етіп жатыр. Алтынсарин өзінің бүкіл саналы, ғибратты ғұмырын жалпы жұртты сауаттандыруға, алыс елді мекендерде мектеп ашып, керекті оқулық кітаптарды жазып, ұрпақтарды дұрыс бағытта тәрбиелеу ісіне арнады . Алғашында мектепке бірнеше қара домалақ баланы қабылдаған Ыбырайдың білім беру дәстүрлі жалғасын тауып, бүгінгі таңда қаншама зиялы , парасатты елімізге пайдасы зор азаматтар білім алуда. Жаңа заманға сай мектептер салынып, қазіргі талаптарға сәйкес оқулықтар шығарылып жатыр. Арманың орындылды деген осы шығар.
Қорытындылай келе, мектеп ашу ісі оңай болмады , талай қиындық кешті. Сол қиындыққа төтеп берген Ыбырай Алтынсарин атамызға мың алғыс айтқым келеді. Қазіргі кезде Елбасымыздың жүз нақты қадам даму жолында білім беруге ерекше мән беріп отыр. Сол кездегі Ыбырайдың мектепті ашу ісі , қазірде осылай жалғасын тауып жатыр.
Халқымыздың «асың бар да ел таны беріп жүріп, атың барда жер таны желіп жүріп» деген мақалы бар-ды. Мақал-мәтел ұлттың өмірлік тәжірибеден қорытқан тұжырымы, ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан дүниетаным екенін ескерсек, біздің қазақ халқы да жер көру, ел аралауға пейіл болған. Тек асқан тау, басқан іздері дер шағында хатқа түсіп, құнтталмаған. Сондықтан көп дерек ауызша айтылып, ұрпақтан-ұрпаққа шежіре күйінде жалғасты. Ал ондай шежірелердің уақыт озған сайын деректік мәнінен гөрі аңыз-әпсаналық реңкі қоюлана түсетіні белгілі.
Сөйтседағы алаш баласынан да үрім мен қырымға ат шалдыртқандар аз емес. Біз бұл материалда соңғы екіжүзжылдықта алыс-жақын жұрттарға сапар шегіп, көрген-білгендері мен көкейге түйгендерін жазып қалдырған тұлғалар туралы аз-кем ой бөліспекпіз.
Шоқан Уәлиханов
Шоқан Шыңғысұлы – алаштан шыққан алғашқы этнограф, тарихшы ғалымдардың бірі. 30 жас жасаса да, аз ғұмырында артына кесек мұра қалдырған тума талант. Шоқан есімі ориенталист ғалымдығымен қоса, қазақ жазба публицистикасының негізін қалаушы тұлға ретінде де аталады. Әсіресе, Ыбырайдың ағартушылық туындылары мен Шыңғысұлының жолсапар очерктері қазақ жазба публицистикасының іргетасын бекіткен мұралар.
Фотода: Шоқан Уәлиханов
Шоқан Уәлиханов 1853 жылы Омбы кадет корпусын бітіргеннен кейін өз халқының мәдениетін зерттеу, оны Еуропа жұртының ғылыми ортасына таныту бағытында аса белсенді жұмыс атқарды. «Абылай», «Қазақ шежіресі», «Сахарадағы мұсылмандық», «Қазақтың көші-қоны» қатарлы туындыларымен туған елінің тұрмыс-салт, мәдениетіне ішкерлей үңілді. Әлемге әйгілі «Манас» жырын хатқа түсіріп, жалпақ жұртқа паш етті. Ал жиһанкез ретінде қашқар жұртына, алты шәріге сапары оның даңқын тіптен алысқа ұзатты. 1856-1859 жылдардағы бірнеше саяхатының нәтижесінде «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Алтышаһардың немесе Қытайдың Нанлу провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаласының жайы туралы» атты ғылыми құны жоғары жолжазбалары жарияланды. Әсіресе, Қашқария туралы сапарынан жазылған еңбегі Ресей шығыстанушы ғалымдарын былай қойғанда, Еуропа зерттермендерінің де жоғары бағасыне ие болды. Бұл еңбегі бұйығы қашқар өлкесі жайлы жазылған тұңғыш туынды болуымен құнды еді.