М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
тузель
тузель
02.11.2020 13:03 •  Қазақ тiлi

Ғ.Мүсіреповтің "Ұлпан" шығармасындағы Ұлпан бейнесі арқылы қазақ қоғамындағы әйелдерге берген бағасы қандай?

👇
Ответ:
Sofia621
Sofia621
02.11.2020

Алдымен, "Ұлпан" қандай шығарма? Ондағы бас кейіпкер Ұлпан қандай тұлға? Жазушының Ұлпан бейнесі арқылы қазақ қоғамындағы әйелдерге берген бағасы қандай? Ең бастысы, бүгінгі ел басқарып отырған әйелдермен романдағы Ұлпан тұлғасын салыстыру қаншалықты мүмкін? Қазіргі қыздарға осылардың қайсысы ұнайды?

Жазушы көп жылдар көкірек қалтасында суытпай сақтаған бір есім - Ұлпан екен. Шығарманың алғысөзінде Ұлпан есімімен қашан, қалай танысқанын жазғанына қарап, ол туралы жазылмақ дүниесін ұзақ жылдар ой сандығында сақтап келуі кейіпкердің тегін жан емесін танытады. Шығарманың бір ерекшелігі осы: тарихи кезеңдерді, қазақ тарихындағы есімі белгілі тұлғаларды жазғанымен, автор тарихи деректермен емес, әдеби образдармен, әдемі, нәзік юмор араласқан көркем тілмен сөйлейді. Соған қарағанда, "Ұлпан" ─ өмірде болған Ұлпандай асыл жанға қойылған көркем әдеби ескерткіш. Ұлпанды неге асыл жан санадым? Оның қадір-қасиеті Сибан елі үшін неліктен соншалықты қымбат? Себеп біреу: Ұлпан дүние - байлыққа қызықпаған адам. Қадірлі болуы ел қамын, ағайын бірлігін жеке басының бақытынан жоғары қоюынан. Өйткені Ұлпан - Есенейдің отанасы емес, Есеней елінің анасы. Ұлпан - ауылын ақылымен басқарған, ағайынын сыйластығымен тыңдатқан сұңғыла жан. Жастықтың қызуын ерте сөндірген ауыр тағдырына налыса, жыласа, езілген көп әйелдің, әлсіз жаратылыстың бірі болып қала берер ме еді. "Ұлпанның арзанға түспейтінін" әу баста ескерткені күндердің күнінде Есеней бидің атынан сөйлейтін салмақты сөз иесі, хан тұқымының, билік басындағы шенеуніктердің ішкі есебін алдын-ала болжап, іс ететін ел иесі болатынын аузына құдай салғандай. Тіпті ең қасіретті күндерінде күйеу баласы Торсанның зымияндығына күйініп жатып, Сибан азаматтарының амандығы үшін аузын аша алмай кетті. Өш алу, кек қайтарудың адамы емес Ұлпан. Жазушы Ұлпан бойындағы үш ұлы сезімді оқырман көкірегіне егіп кетті. Біріншісі, Ұлпан болудың арғы түбі әкенің ұл орнына өсірген ақылды, есті қыз болып өсуінде. Екіншісі, әйел-ана болудың зор бақыт екенін сезіне білуінде. Ол жалғыз қызы Біжікенге ғана емес, сол рудың, қарамағындағы қалың елдің баласын бауырына басқысы келетін мейірімнен жаралған болатын. Үшіншісі, ибалы қазақ әйелі қандай ақылды, құдіретті болса да, ер-азаматтан кейін тұруы тиіс деп санайтын нағыз қазақы тәрбиенің, дұрысы, адамгершілік тәрбиесінің қайнары бар еді бойында. Елі әулиедей табына сыйлаған Ұлпан тұлғасы, міне, осындай. Осы арқылы кіріспемдегі соңғы екі сұрағыма жауап бердім деп білемін. Ері жоқ әйелдердің азамат орнына билікке араласуы бұрыннан бар. Өз қоғамы Ұлпанды бағалай алды. Оған дәлел бірнешеу: Сырым батырдың еліне сапарлауы кезіндегі оқиғалар және Есеней өлгеннен кейінгі елдің ішкі, сыртқы шаруаларын би, болыстармен келісе отырып жүргізген кездері. Ал бүгінгі билік басында әйел адамдар аз емес. Бірақ оларды Ұлпанмен салыстыра алмас едім. Мекеме басқарушы әйелдің үйдегісінен сырттағысы көп. Олардың айналасында ақыл беруші, көмекшілер қатарында азаматтардан гөрі әйелдер саны басым. Бұл - әйел басшының бойында өзін олардан жоғары санауды, кейде тіпті сырттай бәсекелесуді қалыптастыра береді. Билік басындағы әйелдердің қаталдау болатыны өтірік емес. Ал олардың өмірдегі басты миссиясы - отбасының жылуын сақтап, балаларын мейіріммен өсіру емес пе? Ұлпан билікке Есеней ауырғасын, Есеней өлгесін, еріксіз араласты. Ал қазір әйелдер мемлекет басқаруға өз еркімен сайлауға түсетін болды. Бүгінгі билік қатал да қатпар заңдардың құрсауында. Ондағы тәртіп пен ереже түз адамы ғана төзе алатын сынақтардан тұрады. Өтірік емес. Әйел басшылардың сыртқы имиджі қанша келісті болғанмен, ішкі әлемі сол сынақтардан тым шаршап жүретіні де өтірік емес. Ел басқарып жүрген әйелдердің көбі әйгілі Маргарет Тэтчерді үлгі тұтады, оған еліктейді. Алайда оның болмысы қазақ әйелінің жаратылысына қарама-қарсы. Бір таңғаларлығы, бүгінгі қыздарды Ұлпан емес, сол ханымдар қызықтырады. Біздің ұлттық қасіретіміздің бір көрінісі осы болмасын. Ұлпан болу көптің қолынан келмейді. Ұлпан сонысымен биік.

4,8(21 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
yuliaivanova1
yuliaivanova1
02.11.2020
- Сен алғашқы мұражай қалай қалыптасқанын білесің бе? 
- Иә. Алғашқы мұражай бағалы бұйымдар мен заттар, мәдени құндылықтарды сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасқан. 
- Мұражайлардың қалыптасуына нелер негіз болды? 
- Көне замандағы коллекциялар. 
- Ал коллекция ісімен кім айналысқан? 
- Аристотель, Рим патшасы, Юлий Цезарь. 
- Еуропада мұражайлар қашан пайда болды? 
- Еуропада тарихи музейлер 16 – 18 ғ-ларда пайда болды. 
- Алғашқы мұражайлардың қандай түрлері ашылған? 
- 1820 ж. Германияда өнер музейлері құрылды. 1811 ж. Ресейде – Феодосияда, 1825 ж. Одессада, 1828 ж. Керчьте археологиялық бағыттағы және әскери-тарихи музейлер құрылды. 19 ғ. этнографиялық зерттеулердің дамуы нәтижесінде этнографиялық музейлер құрылып, олар ғылыми-зерттеу орталықтарына айналды. Олар: Будапешт (1872), Стокгольм (1874), Париж(халықтану музейі, 1877), Роттердам (1883) қалаларында құрылған этнографиялық музейлер. Ашық аспан астындағы алғашқы этнографиялық музейлер Скансенде (Стокгольм, 1891), қасиетті Мартинде (Словакия, 1893), Софияда (1893) Брюссельде (1897), Краковта (1910), Арнхемде (Нидерланды, 1912) құрылып, ірі ғылыми ізденістермен айналысты. 
- Ал Қазақстанда мұражай тарихы қашаннан басталады? 
- 1830 жылдан басталды. 
- Рақмет, бүгін мұражайлар туралы көп мәлімет алдым. 
7) Мәтінді тыңдап, аудару. Қазақстандағы мұражай тарихы 
Қазақстанда мұражай тарихы 1830 жылдан басталады. Орынборда жергілікті халықтың тарихы мен этнографиясын сипаттайтын мұралар негізінде 1831 ж. Неплюев әскери училищесі жанынан губерниялық музей ашылды. Бұл мұралар қазіргі таңда ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің негізгі қорын құрауда. Қaзақстанда 1913 ж. – 3, 1927 ж. – 6, 1937 ж. – 19, 1939 ж. – 25, 1970 ж. – 29 музей болса, қазіргі таңда музейлер саны 154-ке жетті. Оңтүстік мемлекеттік музей (1830), Ә.Қастеев атындағы республикалық өнер музейі (1935) Президенттік мәдени орталық (2000), Мемлекеттік алтын және асыл металдар музейі (1994), ҚР ҰҒА Археология музейі (1973), Үлттық валюта музейі (1993), Кітап музейі (1978) Ықылас атындағы Республикалық халық саз аспаптар музейі (1980), “М. Әуезов үйі” ғылыми орталық музейі (1962), т.б. Мемориалдық музейлер де Қазақстанның тарихи-мәдени рухани өмірінде маңызды рөл атқаруда. Олардың ірілері: Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Абай-Шәкерім кешені, Д.Қонаевтың, Қ.И. Сәтбаевтың, Ж.Жабаевтың, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің, Ғaзиза және Ахмет Жұбановтардың, Ш.Уәлихановтың (Алтын Емел), т.б. мемориалдық музейлері. 1889 ж. 20 маусымда халықаралық “Музейлер ассоциациясы” құрылды. 1918 ж. Халықаралық музейлер Бюросы құрылып, “Музеон” журналын шығарды. Бұл ЮНЕСКО-ның “Музеум” журналының шығуына негіз болды. 1946 ж. Луврда (Париж) ЮНЕСКО-ның құрамына енген Халықаралық Музейлер Кеңесі құрылды. ІCOM-ға 1948 ж. – 29 мемлекет, 1950 ж. – 43 мемлекет, 1977 ж. – 109 мемлекет, 1999 ж. – 135 мемлекет музейлері мүше болды. 2002 ж. мамыр айынан бастап “Қазақстан музейлері” журналы шыға бастады.[4] 1977 ж. Халықаралық музейлер Кеңесінің 11-конференциясында 18 мамыр ‘‘Халықаралық музей күні’’ болып белгіленді. Қазіргі таңда мұражайлар қызметі қоғамдық институт ретінде әлеуметтік қоғамдық-экономикалық жағдайға сай жүргізілуде. 
4,4(71 оценок)
Ответ:
kiska625
kiska625
02.11.2020
--Қазақ халқының қандай музыкалық аспаптарын білесін?
--Қазақ халқының  музыкалық аспабына ,домбыра, қобыз , жетіген, адырна жатады.
--Домбыра ол қандай,  неден жасалады ?
--Домбыра ол қос ішекті, ағаштан жасалады.
--Домбыраның даусы қандай ?
--Домбыраның даусы майда, құлаққа жағымды.
--Аңыз бойынша қобызды кім жасаған ?
--Аңыз бойынша қобызды жасаған  Қорқыт  ата.
--Қазақ халқыңың қандай ұлттық мерекелерін білесін ?
--Қазақ халқының ұлттық мерекесі, Наурыз мерекесі..
--Бұл мереке қашан тойланады ?
--Наурыз мерекесі 22 наурызда тойланады.Наурыз жыл басы.,күн мен түннің теңелген күні.
--
4,8(46 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ