М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
katyamakedoniya11
katyamakedoniya11
05.05.2021 11:05 •  Қазақ тiлi

Септык жалгау слово зерттеу,кытап,шокан саяхат

👇
Ответ:
genyaryabinina
genyaryabinina
05.05.2021

Септік — сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып, олардың арасындағы синтаксистік қатынастарды көрсетіп, өзі жалғанған сөзге заттық ұғымға қатысты грамматикалық мағына үстейтін қосымша. Септік тікелей өзі немесе басқа Формаларменбірлесіп келіп, зат пен қимыл я зат пен зат арасындағы субъектілік (субъектілік-предикаттық), тұра және жанама объектілік, меншіктік-қатыстык, мекендік, мезгілдік құралдық, көлемдік сияқты қатынастарды білдіреді. Септіктер зат есімге тән түрлену формасы болып табылады. Септіктің мағынасы да қызметі де, формалық ерекшеліктері де заттық ұғыммен байланысты. Сын есім, сан есім, етістіктің кейбір формалары (есімше, тұйық етістік) септелгенде, заттанып зат есім орнына жұмсалады.

Объяснение:

септік

4,7(82 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
ропчан
ропчан
05.05.2021
1)Ақ айдынға салып бақыт кемесін,
Жарқын жүзбен қуанышпен келесің,
Құтты болсын жетпіс бесіңіз, әжетай,
Өзіңізді бір құдайым демесін.
Бәйтерексіз жапырығы жайқалған,
Барша жұртқа жақсылығын байқалған.
Есен болсын ұрпағынңыз көрінген.
Ән қалықтап, күй төгілсін төріңнен,
Бақ орнасын әрдайым басыңызға.
Жас қосылсын, әжетай, жасыңызға,
Амандықпен жетіңіз жүзге қарай!                                                                      2)Әжеме кетсем жұғысып,
 Тапқандай болам сөз кенін.
 Ертегін қызық ұғысып,
 Тыңдаймыз көзбен көргенін.
4,8(60 оценок)
Ответ:
343463165313
343463165313
05.05.2021

Әже туралы өлеңдер.

Әже

   І

Тоқыпты әжем алаша,

Бояуы қынық тамаша.

Көктемгі кемпірқосақты

Әжеміз жерге жасапты.

   ІІ

Әже, әже, жатпашы,

Ауыр ойға батпашы.

Болайын мен дәрігер,

Десең; «Шипа дәрі бер!» -

Дәрі жасап берейін,

Бәрін жасап берейін.

Ауыртпаймын әжемді,

Ауырмайсың, әже, енді.

   ІІІ

Ауылға шақырған кім?

Біздің Бәпи  әже.

Сусынға ішкізгені не?

Қымыз, тары көже.

Не жегізді сыйлап?

Балқаймақ пенқұймақ...

   М.Әлімбаев

Әжесінің сабағы

Ойыншықтың жиып ап жана түрін,

Түсіндірді ұлына ол ақырын:

Болса егер де қоянда қанша құлақ,

Соншасының мысықта болатынын.

Сәбилердің мінезі десек түрлі,

Қызықтырмас дәл мұндай есеп кімді:

Болса егер де сиырда қанша мүйіз,

Құлағы сонша екен есектің де.

Тағы айтады ұлына ойланып ап,

Болса егер де қанша доп қолда мына:

«Адамда да сонша бас бар, - дейді ол,-

Тек онымен болмайды ойнауыңа!»

           Ж.Нәжімеденев

Аналардың анасы

Әпкем - әже баласы,

Әкем - Әже баласы.

Апамыздың ағасы –

Ол да әжемнің баласы.

Анам дейді мамашым:

Әже деген шамасы –

Аналардың анасы.

           Ә.Табылдиев

Әжем туралы әңгіме

Саусағы сары ала жүзікті,

Әрдайым жайдары,

Жаз өнді,

Көп ертек білетін қызықты

Көрсеңдер аяулы әжемді!

Әлдекім әжемнің шашына

Әдейі бор жағып қойғандай.

Кимешек тартқандай басына

Болады ақша бұлт қонғандай.

Куәгер кешегі заманға,

Әжеңнен кәрі адам жоқ дейді.

Ал жасын анықтап санауға

Қолынан түспейді жүргенде

Бұрышқа апарып қояды

Даладан бөлмеге кіргенде.

           Қ.Баянбаев

Әже

Сығырайған көзі көрінбей

Томар-томар былшықтан,

Отырса, бойы аспайды

Қолындағы ұршықтан.

Алдындағы көженің

Көрінбес беті қылшықтан.

Көжесін татпай әженің,

Жан болмайды құр шыққан?!

Сендер де тыңда, тентектер,

Тыйылып біраз шолжақтан.

                             М. Жұмабаев

4,4(56 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ