М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
lemenukillya
lemenukillya
20.02.2023 16:52 •  Қазақ тiлi

Стихи про времена года на казахском

👇
Ответ:
EvgeniaDymova
EvgeniaDymova
20.02.2023
Жаз

Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Кұйрығымен шылпылдап,
Арасында кұлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп сыңқылдап.
Мал ішінен айналып,
Көңілі жақсы жайланып,
Бай да келер ауылға,
Аяңшылы жылпылдап;
Сабадан қымыз құйдырып,
Ортасына қойдырып,
Жасы үлкендер бір бөлек
Кеңесіп, күліп сылқылдап.
Жалшы алдаған жас бала,
Жағалайды шешесін
Ет әпер деп қыңқылдап.
Көлеңке қылып басына,
Кілем төсеп астына,
Салтанатты байлардың
Самаурыны бұрқылдап.
Білімділер сөз айтса,
Бәйгі атындай аңқылдап,
Өзгелер басын изейді,
Әрине деп мақұлдап.
Ақ көйлекті, таяқты
Ақсақал шығар бір шеттен
Малыңды әрі қайтар деп,
Малшыларға қаңқылдап.
Бай байғұсым десін деп,
Шақырып қымыз берсін деп,
Жарамсақсып, жалпылдап.
Шапандарын белсенген,
Асау мініп теңселген
Жылқышылар кеп тұрса,
Таңертеңнен салпылдап.
Мылтық атқан, құс салған
Жас бозбала бір бөлек
Су жағалап қутыңдап.
Қайырып салған көк құсы
Көтеріле бергенде,
Қаз сыпырса жарқылдап.
Өткен күннің бәрі ұмыт,
Қолдан келер қайрат жок,
Бағанағы байғұс шал
Ауылда тұрып күледі,
Қошемет қылып қарқылдап.

Күз

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.
Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.

Қыс

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
4,4(2 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
sumr212
sumr212
20.02.2023
Мухтар Омарханович Ауэ́зов — советский казахский писатель, драматург и учёный. Мне очень нравится этот писатель. Его роман «Путь Абая» вошёл в «Библиотеку всемирной литературы» Этот писатель нравится мне своим блестящим искусством. Он описывал природу в своих произведениях именно так, как по настоящему. Этот писатель превосходен в своих произведениях. Он написал такие рассказы как "Қыр суреттері" , "Оқыған Азамат" " Қаралы сұлу" и т.д. Мухтар Әуезов был еще великим ученным, который всегда достигал своих целей! За свою жизнь он успел сделать много хорошего и останется у нас в сердцах на веки. Мы будем помнить его

Мұхтар Омарханұлы Әуезов-кеңестік қазақ жазушысы, драматург және ғалым. Маған бұл жазушы ұнайды. Оның екі томдық "Абай жолы" романы "дүниежүзілік әдебиет кітапханасына" енді. Ол табиғатын өз шығармаларында шынайы сияқты сипаттады. Бұл жазушы өз шығармаларында керемет. Ол "Қыр суреттері" , "Оқыған Азамат", "Қаралы сұлу" және т. б. әңгімелерін жазды. Өз өмірлерінде ол көп жақсылықты жасап үлгерді және ғасырлар бойы жүрегімізде қалады. Біз оны есте сақтаймыз!

Была рада Всего 60 слов хотя бы что то

4,5(28 оценок)
Ответ:
asflower
asflower
20.02.2023

ответ:Біздің өмірімізде көптеген технологиялар бар, олар бізге көмектеседі және өмір жеңілдетеді. Мысалы, Бұл теледидарда көптеген ойын-сауық бағдарламалары мен ғылыми,сондай-ақ жаңалықтар бағдарламалары бар, немесе телефондағы телефон біз уақытты көре аламыз, жаңалықтарды көре аламыз, сондай-ақ біз қалайтын кез келген бағдарламаларды көре аламыз, оятқышты қоюға, немесе интернетте немесе ұялы байланыс арқылы сөйлесуге болады, тіпті "WhatsApp" сияқты сөйлесуге арналған қолданбалар бар және кез келген "YouTube"ойын-сауық немесе жаңалықтар бағдарламаларын көру үшін. Мен смартфонды пайдалану бар барлық технологиялар, қарым-қатынас үшін, немесе бағдарламаларды көру, сондай-ақ түрлі ойындар ойнауға. Сондай-ақ, теледидарда мен бағдарламаларды, мультфильмді, жаңалықтар мен сериалдарды көремін. Сондай-ақ менде сирек ойнаймын префикс бар.

Объяснение: сори 102 словаа

4,7(15 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ