Мәтінді оқып, мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдарының рөлін анықтаңыз. Көтерілген мәселені өмірлік мәселелермен байланыстырып, көзқарасыңызды мысалдармен дәлелдеңіз. Жағдаятқа сай сөздер мен тіркестерді қолдануды ескеріңіз 1. Мәтін
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында: «ХХІ ғасырда әлемнің табиғи ресурстарга деген мұқтаждығы жалғасуда. Олар болашақта жаһандық экономиканы және еліміздің экономикасын дамыту барысында ерекше маңызға ие болады. Бірақ шикізат индустрияларын ұйымдастыру ісін, табиғи ресурстарды басқаруға қатысты ұстанымдарды сыни тұрғыдан қайта пысықтау керек», деп, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселесіне айрықша назар аударған болатын
Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану қазіргі заманауи қоғамның ең маңызды мәселесі болып тұр. Ғылым мен техниканың қарыштап дамуы табиғатқа жағымсыз әсерін тигізбей қоймайды. Соңғы қырық жылдың ішінде ресурстарды тиімді тұтыну жиырма бес есе, ал өндірістің қалдықтары жүз есе өскен
Табиғи ресурстардың азайып, сарқылуы өзекті. Қор деңгейінің төмендегені соншалық а жеткіліксіз екендігі мықтап сезілуде, сондықтан оларды тиімді пайдалану, адамзат әрекетінің зиянды зардаптарына жол бермеу, бүкіл табиғи кешендердің өнімділігін сақтап, арттыру кажеттілігі туындайды. Бұл тұста табиғат ананың берген сыйын кешенді қолдану, қалдығы кем немесе қалдықсыз технологияларының пайдаланылуы, ресурстардың қайта қолданылуы ерекше өзектілікке ие болып тұр. Ғалымдардың айтуынша, еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды, еңбек өнімділігін, өндіріс көлемін және ауылшаруашылығы өнімінің сапасын арттыруды, сондай- ак табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға негіздеу керек. 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада суармалы жерлер алқабын 1,5 есеге арттыру көзделген. Негізгі акцент жер және су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталып отыр
Уикипедия туралыҚош келдіңіз!ТаныстыруФАҚЖиі жасалатын қателіктерӨңдеу нұсқаулығыУикикодГлоссарий
Бұл – келушілерге Уикипедия жобасы туралы қысқа мәлімет беретін бет. Ол туралы Уикипедияда тағы толық энциклопедиялық мақала бар: Уикипедия
Уикипедия дегеніміз — көп тілді, ғаламторға негізделген, тегін және ашық мазмұнды энциклопедиялық жоба. Уикипедия сөзі уики (көп адамдар бірлесіп жасайтын интернет парақшасы) және энциклопедия деген екі сөздің қосылуынан пайда болған. Уикипедияның мақалаларында қолданушыны қосымша мәліметтер бар парақшаларға айдайтын сілтемелер бар.
Уикипедияны бүкіл дүние жүзіндегі ерікті үлес қосушылар бірлесіп жазады. 2001 жылы пайда бола салысымен Уикипедия интернеттегі ең үлкен мәлімет беретін сайттарының біріне айналды. Қазіргі таңда 70 000 белсенді авторлар[1]280-ден астам тілде 54 871 570 мақала қосқан. Қазақ тіліндегі мақалалардың саны 227 183 жетті; күн сайын жүздеген мың келуші Уикипедия энциклопедиясында қамтылған білімді толықтыру үшін ондаған мың өзгертулер жасап, мыңдаған жаңа мақалаларды қосады. (Тағы қараңыз: Уикипедия:Уикипедия статистикасы).
Келушілердің үлес қоса алулары үшін оларда арнайы білімнің болуы шарт емес, себебі олардың басты мақсаты қазір бар мәлімет туралы мақала жазу. Басқаша айтқанда, жасына, туып-өскен жеріне, мәдениетіне, әлеуметтік жағдайына қарамастан Уикипедияға мақала жаза алады. Мақалалардың басым көпшілігін интернетке кіре алатын әркім өңдей алады. Ол үшін өңдеу деген сілтемені нұқыса жетіп жатыр. Әркім Уикипедияның өңдеу ережелеріне сай келетін және белгілі бір стандарттан төмен болмайтын мәлімет, сілтемелер немесе дәйексөздер қоса алады. Мысалы, егер сіз бір мақалаға бір мәлімет қосатын болсаңыз, онда өз мәліметіңізді қайдан алғаныңызды көрсетіңіз, себебі сілтемесіз келтірілген мәліметтер алынып тасталады.
Мәлімет қосқанда немесе өңдегенде Уикипедияны бүлдіріп қоймаймын ба деп уайымдаудың қажеті жоқ, себебі басқа редакторлар кеңес беруге немесе қателерді түзетуге әрқашан дайын, әрі Уикипедияның МедіаУікі деп аталатын өзінің бағдарламалық құрылымы үлес қосушылар жасаған қателерді болдырмай тастауға мүмкіндік беретіндей етіп құрастырылған.