Зарина жастайынан атқа мініп, соғыс өнерін білетін дала сұлуы, патшаның қызы еді. соңғы күндері зарина өзімен қыз-келіншектерді ертіп, кең далаға аң аулап, көңіл көтеріп қайтуға жиі шығып тұрады. бір күні алдынан құланның үйірі қашып, оны қуып, қызықтап, байқаусызда алыстап кетіп қалады. бір төбеден бір төбеге асып, құлан қуып жүргенде, алдынан жау әскері көрінеді. олар заринаның әйел екенін білмей, дулыға киген жас жауынгерді қолға түсіру үшін қоршай бастайды. зарина қоршауды бұзып өтеді. соңынан жау әскерінің басшысы қуады. бір уақытта заринаның санына оқ тиіп, жараланып аттан құлайды. ақсаңдап орнынан қайта тұра бергенде, басындағы дулығасы ұшып түсіп, төбесіне түйген қолаң шашы жібектей сусып беліне түседі. қуғыншы заринаның әйел екенін білген соң, аттан секіріп түсіп, көмектесіп, көтеріп алады. ай мен күндей сұлу келіншекті ұнатып қалады. ол мидия патшасының ханзада еді. ханзада заринаны бір көріп қайту үшін жиі ұлы сақтар даласына келіп тұратын болады. бір күні заринаның күйеуі мөрмөрдің қолына түсіп қалады. ол қолындағы тұтқынын өлтірмекші болады. мидия ханзадасын өлтірсе, екі елдің арасында жанжал туып, соғыс басталатынын сезген зарина мөрмөрді райынан қайтарғысы келсе де, күйеуі оған көнбейді. зарина нөкерін жұмсап, араша түспекші болғанда, мөрмөр байқаусызда жараланып, ұзамай қансырап өледі. мидия ханзадасы еліне кетерінде заринаға сөз салып, бас қосу ниетін білдіреді. «екі патшалықты біріктіріп бір ел болайық» - дейді. зарина жауабын бірден бермей: «бір жылдан кейін анығын айтамын», - деп қала береді. арада бір жыл өтті. зарина да мидиялық көркем көркем жігітті ұнатып қалады. жүрегі лүп-лүп етіп соны ойлайды. қара көзінде мұң толып, алысқа қарайды. бір күндері көп әскермен атқа қонып, мидияның шекарасына жақындайды. арғы жақтан ханзада күтіп тұр екен. зарина сабырлы, салқындылықпен былай дейді: - армысың, сүйіктім! мен сені ұнатамын. бірақ әйелің бола алмаймын. оның себебі, екеуміз қосылсақ, сен хан боласың, мен ханым боламын. менімен қоса елім де саған бағынышты болады. мен сүйгеніме қосылып, бақытты болғаныммен, елім тәуелсіздігінен айырылып, бақытсыз болады. мен үшін елімнің еркіндігінен артық ештеңе жоқ. қош,сүйіктім! осы сөзді айтып болған соң заринаның қара көзінен жас тамып кетті. ханзада да мұңға батып, басын төмен салады. екеуі: -қош! -қош! - десіп, бір-бірін қимай кетеді. өз бақытынан ел бақытын артық санаған зарина сұлудың осы бір оқиғасы кейінгіге аңыз болып қалды. көптеген қазақ қыздарына ел намысын жоғары ұстаған заринаның ерлігі үлгі болады. «қобыланды батырдағы» қарлыға, «алпамыс батырдағы» гүлбаршын, «қарақалпақтағы» гүләйім, тұмар мен заринаның бейнелері халық есінде сақталған. сақтар, түріктер ежелден қыздарын ардақтаған. қыздардан патша болғандары да бар. сократить текст 5-10 предложений
Қарлығаштың тұмсығы қысқа, тұмсығының түбі кең, езулерінің арасы алшақ. Қанаттары жіңішке әрі ұзын. Дене бітімі ерекше сымбатты. Саусақтары қысқа, әрі әлсіз, жерде жүруі ебедейсіз. Қ-тың қауырсыны тығыз, жотасы қара түсті жылтыр. Сыртқы түрінен еркегі мен ұрғашысының айырмашылығы байқалмайды. Дене тұрқы 9—23 см, салм. 10—60 г.
Қарлығаш өте жақсы ұшады, тіршілігінің көп уақытын ауада ұшып жүріп өткізеді. Су үстінен ұшып бара жатып-ақ су іше береді. Ұшып жүріп қорегін ұстап жейді. Дауысы онша қатты емес. Қарлығаш ұясын саз балшықтан сілекейімен араластырып бекем етіп жартас қуыстарына, жағалаудағы жарға, үй ішіне, кейде ағаш басына да салады. Ұясы жарты ай немесе түбі кең, аузы тар құмыра пішінді. Ұясының түбіне қауырсыннан, т.б. заттардан жұмсақ төсеніш жасайды. Ашық ұядағы жұмыртқа қара теңбілді шұбар, жабық ұядағы жұмыртқа ақ түсті болады. Жылына 1, кейде 2 рет 3—7 жұмыртқа салып, балапан басып шығарады. Балапандары қызылшақа болып туады.
Қорегі көбіне ұсақ жәндіктер. Ашық күндері биіктеп ұшады да, ауа райы жауын-шашынды болар алдында жер бауырлап ұшады. Сондықтан да қарлығаштың ұшу ерекшелігіне қарап ауа райының өзгерісін алдын-ала болжауға болады. Сұр қарлығаш сағатына 170 км жылдамдықта ұшады екен