1..Жасы үлкеннің сөзін бөлме – в разговоре не перебивай старших.
2. Жасы үлкеннің жолын кеспе – не пересекай дорогу старшему.
3.Ата-анаңа қайда барасыз деп сұрама – не спрашивай родителей, куда они идут.
4.Үлкенге сыртыңды беріп отырма – не садись спиной к старшему.
.5Кісі жолын кеспе – не переходи дорогу перед старшим.
6.Қонаққа берер затты сол қолмен берме – то, что даешь гостю, не протягивай левой рукой.
7.Кісіге қару кезенбе – не направляй оружие на человека.
8.Жалғыз ағашты кеспе – не руби одинокое дерево.
9.Жыңғылмен атты қамшылама – не погоняй лошадь гребенщиком.
10.Көгалды таптама – не топчи поляну.
Аудармасы.
Қазіргі өмірімізді компьютерсіз елестету мүмкін емес. Бүгінгі күні әрбір отбасында компьютер бар. Бірақ компьютердің пайдасымен қатар зияны да бар. Компьютердің пайдасы: оның көмегімен кез – келген ақпаратты тауып, кино көріп, достарымызбен сөйлесіп, түрлі құжаттарды басып, ойын ойнай аламыз. Компьютерлер адам өмірін жеңілдетеді, ақпарат іздейтін уақытты қысқартады.
Ал ұзақ бойы компьютерде отыру адамның денсаулығына зиянын тигізеді. Соның салдарынан көздің көруі нашарлап, арқаға да зақым келеді, адамдар бір – бірімен аз сөйлесіп, сирек кездесе бастайды.
Сонымен қатар ұзақ уақыт бойы компьютерде отыру психологиялық ауытқулар мен тәуелділікке әкеп соғады.
Бірақ компьютерсіз өз болашағымызды елестету қиын.
Берілген сөздердің синонимдері
мереке – мейрам, той
байтақ - кең
халық - әлеумет, ел, жамағат, жаран, жұрт, қауым, халайық
басқа - бейсауат, бейтаныс, бөгде, бөлек, бөтен, жат, қаймана, өзге, өңге, сырт
Отан – Атамекен, ел
жарияланды –шығарылды, әйгіленді, құлақтандырылды, мәлімденді, ақпараттандырылды, хабарланды
апта - жеті
дайындау – әзірлеу, даярлау
сайыс – дода, байқау, бәйге
жүлделі - бәйгелі
қызықты - әсерлі, күлкілі, қызғылықты, қызықтық, тартымды
өтеді - болады, жүреді