Атаның атын былғаған жетесіз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырылдап тумағаны жақсы. Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді», – дейтін ұлы бабаның нақыл-өсиет сөздерінде өткен заман кескіні, үй-тұрмыс жағдайы, ата-ана, ұл мен қыз, күйеу бала, табиғат көрінісі, хайуанаттар тіршілігінен түсінік беріп, өмір туралы философиясы мен ажалмен алысқан аңыздарында оптимистік сарын бар.Адам жақсы істің жалғасын біліп, дүниені көркейтуге өз үлесін қосуы, дарынын шабытпен шалқытып, адамдарды біріктіре білсе тектілік танытқаны. Бұл болмыста өмір сүре білу дегеніміз әлеуметтік шындықтағы қиындықтарды белсенді түрде жеңе білу, мүмкіндігінше тіршілікпен үйлесімділікті орнатуға атсалысуы. Бұл іс- әрекеттегі ұқыптылық -адамның үлкен өмірдің алдындағы жауапкершілігі.
Ана-ердің серігі, батырдың бағдаршысы, ұрпақтың-ұ лы Анасы.
Яғни, батырды да, ғалымды да, ұлы тұлғаларды да, жақсыны да, жаманды да дүниеге әкелетін Ана. А ң ана құрсағынан шығып, шыр етіп, өмірге келгенінде ешқайсысының жаманы жоқ. Адам бойындағы қасиеттер а ң келген ортасымен қалыптасады. Адам өмірінде Ананың орны бөлек. Ананың алдында сен қандай биіктікте болсаң да кешегі баласың, оның саған деген аналық махаббаты ешқашан ескірмейді. Сенің адамгершілігің Анаға деген құрметіңмен бағаланады.
Объяснение:
Шығарма
Менің болашақ мамандығым – дизайнер.
Мамандық – адам өмірінің ажырамас бір бөлігі.Мамандық таңдауда қателеспеген абзал,себебі ол сенің ертеңгі наның,сүйікті ісің болуы керек."Жеті рет өлшеп,бір рет кес" демекші,мен болашағымды дизайнер мамандығымен байланыстырғым келеді.Ия,дана халқымыз:"қол өнері - кілемде,сөз өнері - өлеңде" деп айтып кеткендей,дизайнер мамандығының шыңына жетуді армандаймын.Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу.Ия,"шеберлікке шек жоқ" дегендей,күн санап не бір жаңалықтар ашылуда.Заманауи үлгідегі небір киімдермен қатар,жаңа үлгідегі үй жиһаздары, күнделікті тұрмыстық заттар дүниеге келуде.Адам қиялында шек жоқ.Сондықтан да,мен дизайнер мамандығын өлмес мамандықтардың бірі дер едім.Ең бастысы дизайнердің қолынан шыққан заттар адамзаттың игілігі үшін ғой.Мен де келешекте ыңғайлы әрі сәнді дүниелерді жарыққа шығарамын.Әрі ата-бабамыздан бері асыл мұра боп қалған ұлттық нақыштағы киімдерді де ұмыт қалдырмақ емеспін.Қазақстандық дизайнерлер,атап айтар болсам,Ая Бапани,Аида Кауменова,Салтанат Баймұхамедова сынды өз ісінің қас шеберлері болатынына сеніммен қараймын.