М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
жасулан16
жасулан16
26.04.2021 13:00 •  Қазақ тiлi

Сочинение на тему "муз айдыны" на казахском

👇
Ответ:
saha12389085
saha12389085
26.04.2021
Медеу Спорт Кешені[1] – жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан. Табиғи мұз айдыны ретінде 1951 ж. пайдаланыла бастады. Медеу Спорт Кешені 1972 ж. тұрғызылды. Құрылысқа қатысқан архитекторлар: В.З. Кацевке, А.С. Қайнарбаевқа инженер С.Б. Матвеевке, тағыда басқа. (барлығы 10 адам) 1975 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Конькишілерге арналған жасанды мұз айдынының ауданы 10,5 мың м. Жарыс жолының ені 5 м, айналымы 400 м. Айдынның ортаңғы бөлігі — хоккей ойынына және мәнерлеп сырғанауға арналған. 12,5 мың орындық кешенде 2 жүзу бассейні, спорт залы, мейманхана, асхана, кинозал, кітапхана және ба з орт. орналасқан. Жасанды мұз айдынының астыңғы жағындағы биікт. 2,3 м 20 түрлі материалдар қабаты орасан зор темір бетон тақтаның үстіне орналастырылған. Мұнда ұзындығы 170 м-лік салқындатқыш темір құбырлар тартылған. Айдынның жарықтануын 8 тұғырға орнатылған 1600 қуатты шамдар қамтамасыз етеді. Ортадағы фотофинишпен байланыстырылған жылдам жазатын электронды таблоның 30 мыңнан астам шамы 1 мин ішінде 6 мың түрлі бейнені көрсете алады. Жасанды мұздың қалыңд. — жазда 3 — 4 см, қыста 10 — 15 см-ге дейін жетеді. Медеу Спорт Кешені құрамына Медеу қонақ үйі кіреді. Медеу қонақ үйінің бір, екі орындықты және люкс бөлмелері бір мезгілде 376, ал жылына 10 мыңға жуық адамдарды қабылдай алады. Сенбі, жексенбі күндері — Медеу мұз айдыны 9 мыңға жуық әуесқой конкишілерді қабылдай алады. Медеу мұз айдынында спринтерлік және классик. көпсайыстан, т.б. спорт түрлерінен әр түрлі халықар. жарыстар өткізіліп, дүниежүз., еур. және ұлттық рекордтар жасалды. Медеу Спорт Кешені — тек спорт жарыстары үшін ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары мен қала қонақтарының әсем табиғат аясында демалатын орны. 1990 жылдан дәстүрлі “Азия дауысы” халықаралық ән байқауы өткізіліп келеді. Медеу - Алматының төңірегінде, Кіші Алматы өзенің жағасында жататын мұз айдыны. Теңіз деңгейінен 1,691 метр биікте орналасып, ол әлемдегі ең атақты мұз айдындарының арасында. Медеу 10,500 ш.м. жерді алып жатады және 10,500 көрерменді сиғызады. Әлемдегі 150-ден аса үздік спорттық рекордтар бұл мұз айдынына туғаны баршаға мәлім. Медеуде өткізілген ұлы чемпионаттарының соңғы - 1988 жылындағы Халықаралық Еркектер Конькимен Тез Жүгіру чемпионаты болған.[2]
4,4(29 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
марина1927
марина1927
26.04.2021
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған - деп, атамыз Шәмші Қалдаяқовтың әнінде жырланғандай, ана - әр адамға қымбат а үшін жанын аямай, бәрін істейді. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың», - деген мақал бекерден айтылмаған. Анаға деген парызымыз шексіз. Ол кішкентайымыздан түн ұйқысын төрт бөліп, әлдилеп бізді бой жеткізді. Бала қуанғанда ана екі есе қуанады, бала мұңайғанда ана мың есе көп мұңаяды. Менің анамның аты - Гүлмира. Мен үшін, менің анам бүкіл әлемдегі ең жақсы, ең мейірімді, ең әдемі, ең білімді тұлға. Анамды өмірімнен де артық жақсы көремін. Менің анам маған әрқашан ақылын айтып, көмектеседі. Анамның жасы тек 37-де болса да, оны барша адамдар қадірлейді. Себебі, анам тек маған емес, кез келген адамға ақылын айтуға дайын. Өмірдегі барлық жетістіктерге өз қолымен, өз еңбегімен жетті. Мен анамды нағыз әйел деп санаймын. Өйткені жас кезінен бері сабағын озат оқып, қазір жақсы қызметте жұмыс істейді, үй жұмысын істеуден де жалықпайды, екі баланы тәрбиелеп, өсіріп келеді. Менде сондай ана болғанына бақыттымын. Мен анамның істегенін жақсы түсіне отырып, оны әрдайым қуантқым келеді. Сабағымды жақсы оқып, үй шаруашылығына көмектесіп, бақытқа бөлеуге тырысамын.
4,6(74 оценок)
Ответ:
Z8Z
Z8Z
26.04.2021

Менің анам

Менің анамның есімі – Зәуре. Анам 42 жаста. Анам мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жиырма жыл жұмыс істейді. Анам мектепте қатал мұғалім болғанымен, үйде өзімізге сүйікті әрі мейірімді ана. Жұмыстан бос уақытында анам бізге тәтті тағамдар пісіріп, бізді еркелетеді.  Сонымен қатар анам бізді үлгілі әрі тәртіпті болып жүруімізді қадағалап, үнемі  ақылын айтып, тәрбиелеп отырады.

Әрқайсымыз ер жетіп, бой жеткенде ата анамыздың бізге артып отырған үкілі үміттерін ақтап, саналы ұрпақ болып өсеміз деп сенеміз.

Мен анамды өте жақсы көремін.

4,8(29 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ