Қалыптасқан дәстүр бойынша ата-бабаларымыз ер балаларын бес-жеті не тоғыз жасында сүндетке отырғызады. Сүндетке отырғызбас бұрын әрбір ата-ана баласын алдын ала психологиялық тұрғыдан дайындайды. Алдымен "бір, екі. үш, төрт, бес, шүметайымның басын кес!" деп тақпақ үйретеді, "сүндетке отырғаннан кейін ғана сен нағыз жігіт боласың" деп күнделікті құлағына құя береді. Осындай әңгімелерге әбден еті үйренген бала осы бір күнді асыға күтіп, іштей дайын болып жүреді.
Сүндет тойына шақыруСүндет тойын өткізетін сәтті күн алды ала белгіленеді. Бұл тойға тән ерекшелік - тойға қонақтарды баланың өзі шақырады. Айшықты тарланбозға мінген, сәнді кинген бозбала мен құйрығын шарт түйіп, жорға мінген сүндет бала көпшілікті тойға шақырады. Оның бауырсақ пен мәмпәси толтырылған қоржынынан тойға шақырылған үй иесі дәм татады да, түсті матадан жыртыс жыртып, бала мінген жорғаның жалына байлайды.
Сүндетке отырғызу барысыСәрсенбінің сәтті күні ауыл молдасы баланы сүндетке отырғызады. Бұл рәсім былайша жүргізіледі: әкесі баланы дастарқанға шақырып, күлдіргі әңгімелер айтады, мақтауын жеткізе отырып, төсекке жатқызады. Үйде жалғыз қалған молда қолын үш рет сабындап жуып, құрал-саймандарын отқа ұстап, таза ақ шүберек, ұнның кебегі, кесе дайындайды. Молда бала көңілін аулайтын түрлі хикаялар айтып отырып, шүметайының артық терісін қаз майымен әбден уқалап, жанын кетіреді, оның қалайша шорт кесіліп қалғанын баланы өзі де аңғармай қалады. Ұнның кебегін сеуіп, қанын тоқтатады да, үстіне кесе төңкереді. Қара қотырланған жарасы қажалып, қанамас үшін етегі кең көйлек киген бала бір-екі күннен кейін жүгіріп кетеді. (Шүметайдың артық терісін перзенті немесе ұлы жоқ ата-аналар қалап алатын жоралғы бар).
Той сыйларыТойға келген адамдар "сүндетің қабыл болсын!" деп баланың айналасына жеміс-жидек пен тәтті дәмдер толтырып, жастығының астына ақша тығады. Сүндетелген бала ата-анасының сұрауы, өзінің қалауы бойынша жиналған қаржыны жұмсайды. Сүндет тойында ауқатты адамдар ат шаптырып, көкпар тартқан.
Жер қөңді сүйеді, ат жемді сүйеді. Конь любит овес, а земля — навоз.
Су аққан жерінен ағады, шөп шыққан жеріне шығады. Вода течет, где всегда текла, трава растет, где всегда росла.
Жақсы туса — елдің ырысы, жаңбыр жауса — жердің ырысы. Дождь с небес проливается — счастье на землю спускается, хороший человек рождается — счастье народу является.
Бұлақ болмаса, өзен болмас еді. Если б не источник, засохла бы река.
Жері қатты болса, малы сүтті болады. Если благодатная земля, у коровы будет много молока.
Тоқтатсаң жерге қалың қар, дей бер жақсы өнім бар. Землю снег питает, а земля урожай рождает.
Бір ағаш кессең, орнына он ағаш отырғыз. Если дерево срубил одно, десять посади вместо него.
Жердің көркі тал болар, елдің көркі мал болар. Земля деревьями богата, скотом богат народ.
Жер — семіз, от — арық. Земля одаряет, огонь все пожирает.
Тамшыдан тама берсе, дария болар. Капля за каплей собирается, река появляется. Күріш арқасында күрмек су ішеді. Когда рис поливают - сорняк тоже воду пьет.