Менің балалық шағым Ақтөбе өңіріндегі Шалқар қаласындағы Шілікті дейтін атының өзі керемет бір елді мекенде өтті. Біздің үйде менің бір апам, бір ағам бар. Үшеуіміз өте тату болдық. Ағам үлкен оны көбіне еркелетіп ұл деп жұмсамайды. Ал бізді апамыз екеумізді кқп жұмсайтын. Әрбір баланың балалық шағы өте қызықты, ойынға толы болады. Сол сияқты менің де балалық шағым қызықты өтті. Көршілердің балаларымен күнде төбелесіп қалатынбыз. Ауылға қаладан қыздар, балдар қыдырып келеді солармен танысып, көшеге шығып асыр салып ойнайтынбыз. Ешқашан ойынға тоймай, үй көрмейтінбіз. Менің әжем өте қатал адам болатын күнде кешкісін ойнап келгенде қайда жүрсіңдер деп бізді ұратын. Ертеңісіне бізді күні бойы су тасуға, тезек теруге, тапай басуға жаза ретінде салып қоятын. Осындай тірліктің арқасында еңбекқор болып өстік. Осы кезде сол әжеме үлкен алғыс айтам. Бізді жұмысқа салып қояды деп жыласақ, ол бізді еңбекке үйренсін деп жұмыс жасатады екенғо. Қазіргі балалар өте бақытты сол кездердегідей қазір ешкім тезек теріп, тапай басып, тіпті суды да тасымайды. Мен қазір де өте бақытты баламын. Себебі ата-анам қасымда, өмірлік ұстанымым бар, бақытты жанмын!
Махаббатсыз өмір бос...
Махаббат (сүйіспеншілік) – тіршіліктің негізгі тірегі. Жалпы, менің ойымша, сүйіспеншілік – жақындарымызға, қоршаған ортамызға, бір сөзбен айтқанда, барша әлемге махаббатпен қарау. Сүйіспеншілік ұғымының аясы өте кең. Айналамыздағы келеңсіз жағдайлар мен кедергілерді жеңуге көмектесетін де осы сүйіспеншілік. Бар жан дүниесі, жүрегі сүйіспеншілікке толы жан ешқашан жамандық ойламайды, себебі ол бақытты жан, оның рухы кемелдік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады. Мұндай көңілі көктем, жайсаң жандар осы бақытымен барша әлеммен бөліскісі келіп, алып – ұшып тұрады. Осындай асыл жандар тек жақсылық ойлап, игі істермен айналысып, айналасына мейірімін төгіп, көңіл нұрымен шуақтандырып тұрады. Жүрегі сүйіспеншілікке толы жандар жанымызды жылытып, өмірімізге сән береді.
Сүйіспеншілікті адам алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап сезіп-көре бастайды. Мейірімін төккен ата-анасының ыстық құшағында олардың аялы алақанын сезіне жүріп, өмірге төселеді. Есейе келе толағай сүйіспеншілікті айналасынан көру-көрмеуі екіталай. Әйтсе де, адам өмір бойы сүйіспеншілікті іздеп, дауыл алдындағы шағаладай шарқ ұрып өтері анық. Ендеше, сүйіспеншілікті өмірлік ұстанымызға айналдырып, барлығымыз бақытты болайық!