Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.
Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Ұлан - байтақ далада төсін кеңге жайған, табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көпұлтты мемлекет. Әнұранымен әйгілі, Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі егемен елімізге қызыға қарамайтын ел жоқ шығар.
Осынау ұлан байтақ даламызды сыртқы жаудан қорғап, елінің тұтастығы үшін жанын пида еткен батырлар қаншама десеңізші.
«Мәңгілік ел» идеясы осы батырлар заманынан бастау алып, бүгінгі күні Елбасының бастамасымен енгізілген тұңғыш мемлекеттік ресми идеология. Бұл туралы 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауында: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деген болатын.
Менің ойымша, еліміз «Мәңгілік ел» болуы үшін еліміздің әрбір азаматы осы бағытта жұмыс істеп, білімді болып, ортақ Отанымыз Қазақстанды әлемдегі барынша дамыған елдер қатарына қосылуына өз септігін тигізуі керек.
Бірде әл-Фараби Бағдат қаласы әмірінің сарайына барып,Ол жерде ғалымдар,әкімдер,өнерпаздар көп жиналғанын көрді.Әл-Фараби елеусіз бір шетке барып отыра қалады да,өзі жасаған домбырасымен бір көңілді күй тартады.Күйді естіген адамдар қуанып қалды..Әл-Фараби басқа бір қайғылы күй тартса,әлгі адамдар қамығып жылай бастайды.Сосын ол бір баяу күйді тартқанда сарайда отырғандар түгел ұйықтап қалыпты.Әл-Фараби "Бұл күйлерді тартқан әл-Фараби" деп қағазға жазыпты да,сарайдан шығып кетіпті.Әмір оны қанша іздесе де,таба алмапты.
Мәңгілік ел.