Қазақ елінің еркіндігі, тәуелсіздігі үшін тарихта ерекше орын алатын көтерілістер: Сырым Датұлы, Кенесары Қасымұлы, Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы бастаған және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістер болды. Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, қынадай қырылған 1930-1933, ел тізгінін ұстаған азаматтардан 1938 жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жақан далада өмір сүруі, тарих бетінен ұлт болып жойылып кету қаупі төніп тұрған еді. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса, Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген бабаларымыздың есімдері алтын әріппен тарихта қалды.
Отан жерiм, Отан - суым,
Отан қуат нәр бередi.
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан - мәңгi гүлденедi.
Әр адамның өзiнiң туып-өскен жерi болады. Менiң Отаным - Қазақстан. Қазақстанның жерi кең-байтақ, өте әдемi және бай. Мұнда кең далалар, жасыл ормандар, көгiлдiр өзеңдер, шөлдi аймақтар, биiк таулар бар. Қазақстанда тарихи ескерткiштер, табиғаты көркем қорықтар орналасқан. Қазақстан Республикасының президентi - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол - бiздiң сенiмдiлiгi. Қазақстан көп ұлттық мемлекет. Отанымда әр түрлi халықтар тұрады. Бiз - Қазақстанның болашағымыз. Қазақстан - бiздiң ортақ үйiмiз. Қазақстанда менiң отбасым, достарым, тұрады. Менiң Отаным - менiң мақтанышым, асыл байлығым. Мен Қазақстан өте сүйемiн.
У каждого человека есть его родная земля. Моя Родина - Казахстан. Казахстанская земля просторная, очень красивая и богатая. Здесь есть просторные степи, зелёные леса, голубые озёра, пустынные места, высокие горы. В Казахстане расположены (находятся) исторические памятники, природные красивые заповедники.
Президент Республики Казахстан - Нурсултан Абишевич Назарбаев. Он - наша надёжность. Казахстан многонациональное государство. На моей Родине живут различные народы. Мы - будущее Казахстана. Казахстан - наш общий дом. В Казахстане живёт моя семья, мои друзья. Моя Родина - моя гордость, дорогое достояние (драгоценность). Я очень люблю Казахстан.
Объяснение:
Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.
Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін!
Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.