М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Ссика
Ссика
21.04.2021 21:44 •  Қазақ тiлi

Нужно сочинение на казахском языке на тему "аққу махаббат символы" ? огромное !

👇
Ответ:
kiryaegorov03
kiryaegorov03
21.04.2021
Аққу – суда жүзетін ең ірі құс. Оның сұлулығы бір төбе болса, өмір сүру тәртібі мүлде бөлек әңгіме. Олай дейтініміз, аққу – жұп болып өмір сүретін жаратылыс. Әр жұп өзіне лайық аймаққа қонып, мекенін сырт көзден қорғайды. Аққу суда дауыс көтермей, тыныш қана жүзеді. Топ болып ұшатын аққуларды ең мықтысы бастайды. Көшбасшы аққу шаршағанда, оны екінші аққу алмастырады. Салмағы ауыр болғандықтан, аққудың қонуы оңай емес. Сондықтан да олар жерге емес, суға қонады. Қорегі – су өсімдіктері мен су жәндіктері. 
    Аққу өзі таңдаған серігіне өмір бойы адал болып өтеді. Серігінен айырылған аққу өз-өзін биіктен төмен қарай тастап өледі деседі. Бірақ бұл тұжырымды ғалымдар растаған жоқ. Ал аққулардың өз жұбын бір рет қана таңдайтыны дәлелденген. Міне, осы себептен де аққу - адал, пәк махаббат белгісі делінеді. Бір-біріне иілгенде жүрек пішінін жасайтыны - табиғаттың таңдай қақтыратын ғаламат шеберлігі. Аққу – киесі бар қасиетті құс. Атам қазақ "аққуды атпа, досыңды сатпа" деген өсиет қалдырып кеткен. 

Ерекше сұлу тіршілік иесінің 7 түрі бар. 

Жас жұбайларға "Қос аққудың махаббатын тілейміз!" деп тілек айтып жатамыз. Шын мәнінде қос аққудың махаббаты қандай болады? Оны мына видеодан көре аласыздар. 

4,6(5 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
AlexandraBobkova
AlexandraBobkova
21.04.2021

Компьютер мен ғаламтор туралы диалог.

Ағасы: Бауырым, осы соңғы кездері ғаламторға тәуелділік қоғамдағы ең үлкен мәселеге айналып отыр. Осы жайлы не ойлайсыз?

Інісі: Ия, дұрыс айтасың. Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды. Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын.

Ағасы: Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.

Інісі: Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.

Ағасы: Сондықтан ғаламторды тек қажет уақытында пайдалану керек деп деп ойлаймын. Ал басқа бос уақытыңды пайдалы іске арнап, ата – анаңа, бауырларыңа көмектесіп немесе спортпен айналыссаң болады. Кітап оқысаң, тіпті жақсы, нұр үстіне нұр болар еді.

4,5(15 оценок)
Ответ:
1337lolkek

4,6(34 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ