Әр адам әрқашанда спортпен айналысуы қажет.Себебі спортпен айналысқан адамның дені сау болады.Денсаулығын мықты болу үшін күн сайын таң атқанда жаттығулар жасау қажет.Немесе әртүрлі денсаулыққа пайдалы үйірмелерге бару керек деп ойлаймын.Мысал келтіріп айтсақ би үйірмесіне және де жеңіл атлетика сияқты үйңрмелерге баруға болады.Шынықсан шымыр боласындеп те бекер айтпаған.Сондықтан да барлық адам спортпен айналысуы керек деп өз кеңесімді беремін.
Емтиxан-болашаққа басар алғашқы қадамдардың бірі. Емтиxаннан өту үшін талмастан еңбек етіп, барлық тапсырма, ережелерді оқып дайындалу қажет. Мен үшін емтиxан өте маңызды, себебі маған мақсатыма қол жеткізуге, үлкен оқу орнына түсуге, белгілі мамандық иесі болуға көмектеседі. Менің емтиxанға деген көзқарасым күрделі болғандықтан, дайындығым да күрделі. Барлық пәнге жеке-жеке дайындалып, қайта-қайта қайталаймын. Айна алдында отырып өзіме сұрақтар қоямын немесе досыма маған сұрақ қойғызамын, осылайша өз дайындығымды тексеремін. Осындай дайындықтардың арқасында, әлі талай белестерді бағындыратыныма сенемін!