Ең бастысы жеңіс емес, қатысу» десек те, тәуелсіз қазақстан олимпиадалық ойындарда үлкен жетістіктерге жетіп жүр1960 ж. рим олимпиадасығұсман қосанов (1935 – 1990) күміс жүлдегер (жеңіл атлетика)қазақстаннан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы.1972 ж. мюнхен олимпиадасыәлжан жармұхамедов (1944 ж.т.) олимпиада чемпионы (баскетбол)1980 ж. мәскеу олимпиадасышәміл серіков (1956-1989 жыл) олимпиада чемпионы (грек-рим күресі)1980 ж. мәскеу олимпиадасыжақсылық үшкемпіров ( 1951 ж.) олимпиада чемпионы (грек-рим күресі)шымкенттен шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы.нелли ким - 1976 ж. монреаль олимпиадасы (спорттық гимнастика)1996 ж. атланта (ақш)василий жиров - олимпиада чемпионы, боксшы, 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. олимпиада нәтижесі бойынша вэл баркер кубогына қол жеткізген алғашқы қазақ боксшысы.юрий мельниченко - грек-рим күресі бойынша олимпиада чемпионы.александр парыгин - олимпиада чемпионы, бессайысшы.2000 ж. сидней (австралия)ермахан ыбрайымов - олимпиада чемпионы, атланта олимпиадасының қола жүлдегері, боксшы.бекзат саттарханов - олимпиада чемпионы.ольга шишигина - олимпиада чемпионы, кедергілермен 100 м жүгіру бойынша байрақты спорт додасының жеңімпазы атанды.2004 ж. афины (грекия)бахтияр артаев - олимпиада чемпионы, вэл баркер кубогының иегері.2008 ж. бейжиң (қытай)бақыт сәрсекпаев - олимпиада чемпионы, боксшы.илья ильин - ауыр атлетші.2012 ж. лондон (ұлыбритания)александр винокуров - велошабандоз.илья ильин - лондон олимпиадасында екінші мәрте олимпиада чемпионы атанды.ольга рыпакова - олимпиада чемпионы, үш қарғып секіру сайысы бойынша өнер көрсетті.серік сәпиев - боксшы, олимпиада чемпионы, вэл баркер кубогына ие болған қазақ жерінен шыққан үшінші спортшы.из интернета
Ақтөбе - менин қаласым. Ақтөбе қаласы — Қазақстан Республикасының батысында орналасқан, Ресейдің Орынбор облысымен, сондай-ақ Казақстанның Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстарымен шектесетін Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы (1932). Қалада 300 мыңнан аса халық тұрады.Халқының ұлттық құрамы сан алуан.Ақтөбе бекінісінің құрылысы басталған 1869 жылғы 28 мамыр қаламыздың негізі қаланған күн болып есептеледі.Ақтөбені дамытудың бірінші бас жоспары 1881 жылы жасалды.1880 жылы Ақтөбеде алғашқы халық санағы жүргізілгенде, 409 тұрғын болды. Олар 38 үйде тұрды, оның 5 үйі ағаштан, 33 үйі саман кірпіштен салынған.Бүгінгі Ақтөбе — өнеркәсібі, кәсіпкерлік және қаржылық құрылымдары, құрылысы, оның ішінде тұрғын үй құрылысы дамыған, сондай-ақ қолайлы коммуникациялары бар қазіргі заманға сай қала.Облыс орталығында әлеуметтік сала дамыған, білім беру мекемелері, оның ішінде жоғарғы оқу орындары желісі, мәдени-спорттық өмірі өркендеген.
Отырар-Қазақстан жеріндегі көне қала.Отырар ІХ-Х ғасырларда гүлденген ірі қала және ғылымның орталығына айналды. Бұл қалада сәулетті сарайлар, ірі медреселер, мешіттер болған. Ежелгі Отырар қорғанын жаулап аламын деушілердің бірі Шыңғыс хан болды. Ол Қытайды жеңіп, Отанына оралған соң, қазақ даласын жаулап алуды ойлады. Бұл мақсатын іске асыру үшін осы елдерге үш мұсылман бастаған елші аттандырды.Мұхаммед шах оларды Бұхара қаласында қабылдап, шығыс пен батыстың арасын жалғастырып жатқан Жібек жолын моңғол керуені үшін ашып қоюға уәде байласып, келісім шартқа қол қояды. Елшілер оралған соң, Шыңғыс хан тағы тыныш жатпайды. Хорезм елінің күшін, сауда-саясатын біле түсу мақсатымен тыңшы қосып, екінші рет елшілік аттандырады. Мұны сезген қала әміршісі оларды тұтқынға алып, Мұхаммед шах әмірімен тыңшыларды жазалайды. Осылай Шыңғыс ханның үлкен мемлекетке шабуыл жасауына себеп табылады. 1219 жылы қыркүйекте моңғолдар Отырар қаласын қоршады. Халық жаулап алушыларға қарсы ерлікпен 6 ай бойы күресті. Жақсы бекінген, ерекше қарсылық көрсеткен Отырар қаласын Қайырхан әскерімен бірге қорғайды. Қаланы биік дуалмен қоршап, жан-жағын айналдыра ор қазып тастаған. Қалаға кіріп-шығу үшін, қақпа салған.Қайыр хан Шыңғыс ханның көрші мемлекеттерді қалай жаулап алғанын жақсы білді. Сондықтан қаланы қорғау үшін барлық даярлықты жасады. Жаяу және атты әскерлерді қақпа алдына қойды. Ал өзі қамал қабырғасына шығып, қала сыртына қарағанда көз жетер жердің барлығында әскер тұрды. Шыңғыс ханның жауынгерлері қамалдың айналасында бірнеше қатар болып, шеңбер құрып орналасқан болатын. Отырар қаласын еркектермен бірге әйелдер де, балалар да ерлікпен қорғады. Монғолдар қаланы жермен-жексен етеді. Талай ғасыр бойы гүлденген Отырар қаласы қиратылып, өртелді.Қала халқы қырылды, тірі қалғандарын Моңғолияға айдап әкетеді.Отырар-қаһарман қала, оны қорғаушылар - ерліктің үлгісі