Нұр-Сұлтан бұрынғы атаулары: Ақмолинск, Целиноград, Ақмола, Астана — 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының елордасы. Акмолинск қала мәртебесін 1862 жылғы 26 қыркүйекте алды. 2020 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша қала түрғындар саны 1 136 008 адам, бұл Алматыдан кейінгі Қазақстандағы екінші көрсеткіш. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Миллионер қаласы мәртебесіне 2017 жылдың маусымында қол жеткізілді, ол кезде тұрғындар саны 1 002 874 тұрғын болды. Нұр-Сұлтан елдің солтүстігінде Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Әкімшілік жағынан қала 4 ауданға бөлінген.
Қазақстан спортшылары Олимпиаданың 18 спорт түріне қатысып, соның 11 түрінен жүлде алған
Лондон олимпиадасынан бері үш жыл өтсе де сол кездегі Қазақстан спортшыларының жарқын жеңісі әлі көз алдымызда. Тарихымызда бұрын соңды болмаған жетістікке жеткен еліміздің спортшылары 200 мемлекеттің арасында 12-орын алғанда бөркін аспанға атпаған жанкүйер жоқ шығар, сірә?! Содан бері біраз уақыт өтті. Лондонда бүкіл әлемді таң қалдырған спортшыларымызға жаңа тапсырма жүктелді. Енді сол Тұманды Альбионда жеткен жетістігімізден төмендемей, келесі жылы өтетін Рио олимпиадасында табысымызды еселей түсу қажет.
Бразилия жерінде ұйымдастырылатын Олимпиадаға биылдан бастап жолдама таратылады. Әлемдік және құрлықтық деңгейінде өтетін жарыстарда әр ел өздеріне тиесілі «сыбағаларын» алып, жолдама үшін тер төгеді. Қазақстан спортшылары бұған дейінгі Олимпиада ойындарына тоқсан спортшыдан кем апарған жоқ. Жолдама саны да едәуір. Қуанарлығы, әр төрт жыл сайын спортшылар мен жолдамалардың саны да өсіп келеді. Мәселен, Қазақстан егемендігін алып, жеке ел болғаннан кейінгі алғашқы қатысқан Олимпиадасында спорттың 15 түрінен 94 спортшы апарса, Сидней олимпиадасында 18 спорт түрінен 130 спортшы қатысты. Соңғы Лондон олимпиадасы кезінде ел намысын спорттың 20 түрінен 115 спортшы қорғады. Дегенмен бұл жерде басты назар аударатыны бізге спортшылардың санынан бұрын сапасы маңызды.
Объяснение:
Менің туган ауылым озиме жакын.Себеби мен онда туып оситим жане оз елимди аялап,курметтеймин.