Қазақстан. Құшағы ыстық, құлашы кең байтақ өлке. 130-дан астам ұлт өкiлiнiң бiр атаның баласындай ырыс пен ынтымақта өмiр сүрiп келе жатқандығы бұл сөзiмiзге айғақ. Мен қазақ халқының мұндай мейiрбандығын, қонақжайлылығын кең пейiлдiлiгiн үнемi мақтан етiп келемiн. Осыншама ұлт пен ұлыстың өкiлi бiрге тұрып, бiрге жасап, бiр мақсатқа жұмылып өмiр сүрiп келе жатқандығы Елбасымыздың дана саясатының нәтижесi болса керек. Алматының өзiнде ғана 30-дан астам түрлi ұлттардың мәдени орталықтары бар. Олар Қазақстан халқы ассамблеясының үлкен шаңырағы астына топтасқан.
Ұлтаралық қатынастың жақсы жолға қойылуы, халықтар достығының нығаюы, әсiресе, бiздiң Қазақстан сияқты көп ұлттың өкiлi тұратын, демократиялық жолмен дамып келе жатқан республика үшiн өте қажет. Бұл бағытта елiмiз егемендiк алғалы қыруар шаруалар жүзеге асты және асырыла бермекшi. Солардың ең негiзгiсi Қазақстан халқы ассамблеясының құрылуы. Ассамбляның негiзгi бағыты – елiмiздiң тарихына терең үңiлiп, ұлттық дәстүр мен мәдениеттi, ана тiлiмiздi сақтау және дамыту және ұлтаралық ынтымақтастық пен сабақтастықты мейлiнше өркендету. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегi ұшан-теңiз екенiн айтуымыз керек. Елбасы «Қазақстан 2050 Стратегиясын» жасап әр ұлт өкiлдерiнiң мiндеттерiн айқындап бердi. Ал Ассамблея ұлттар достығының алтын көпiрiне айналып отыр. Бүкіл дүниежүзінде халықтар мен этностардың мүддесін ойлайтын аса мәртебелі Біріккен Ұлттар Ұйымы ҚХА-ның республикамызда қоғамдық өмірдегі атқаратын рөлін кішігірім біріккен ұлттар ұйымы деп атауы тегін емес. Себебі ҚХА дүниежүзілік деңгейде, Біріккен Ұлттар Ұйымында, ЕҚЫҰ-да өзінің жоғары бағасын алды. Қазақстан Халқы Ассамблеясы өз болмысы арқылы барлық ұлттар мен ұлыстардың басқа кез келген халықпен терезесінің тең, керегесінің кең екендігін көрсетіп отыр. Міне Елбасымыздың ұлтаралық мәселені шешудегі ұлылығы, көрегенділігі мен даналығы осында деп білемін.
Күлтегін жырының кейіпкерлері: Күлтегін батыр,Білге,Елтеріс,Бумын,Қапаған қағандар.
"Күлтегін" жырының басты идеясы:түркі халқын ауызбірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ежелгі ата-баба жолы мен салт-дәстүрін берік ұстауға үндеу болып табылады.
Тақырыбы:
"Күлтегін" (кіші жазу) жыры әрқайсысы өз алдына дербес әрі сюжеттік жағынан бір-бірімен тығыз байланысты сегіз топтамадан тұрады.Әрбір топтама – мазмұны жағынан бір-бір хикая.Оның бірінші топтамасы – қағанның өз халқына айтқан үндеуі; екіншісі Түрік қағандығы жерінің кеңдігін суреттейді; үшіншісі түркілердің әскери жорықтарын жыр етеді; төртіншісі көршілес табғаш халқының қастандық әрекеттері туралы әңгіме; бесіншісі табғаштармен қарым-қатынас түркілерге ажал қатерін төндіретіні жайында; алтыншысы түркі халқының көреген емес екені туралы; жетіншісі түркі халқының даңқын көкке көтерген Білге қаған жөнінде; сегізінші топтама осы ескерткіш-жырды жазуға себеп болған жайттарды баяндауға арналған.
"Қыз Жібек" жырының "Күлтегін" жырынан ерекшелігі:"Қыз Жібек" жыры - лиро-эпостық жыр.Онда сол замандағы әлеуметтік теңсіздік,жастардың бас бостандығы,қос ғашықтың махаббаты баян етілген.Ал "Күлтегін" жырында негізінен батырлардың ерлігі жазылған.