Пословицы о языке, слове, красноречии, болтливости.
1. Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің сөзі ортақ.
Руки умельца и язык оратора – народа достояние.
2. Ақынның тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік.
Слово акына острее клинка и нежнее волоска.
3. Ділмардың сөзі ұстаның бізінен өткір.
Слово оратора острее шила сапожника.
4. Аз сөйлесең де саз сөйле.
Говори редко, но метко.
5. Тілге шешен – іске мешел.
Кто на слово щедр, тот на дело скуп.
6. Тілде тиек жоқ,
Ауызда жиек жоқ.
Язык – без запора, рот без ограды.
– Сәлем,Арай!
– Сәлем,Жібек!Қалың қалай?
– Жақсы,өзің ше?Жазғы демалыс қалай өтіп жатыр?
– Бәрі де жаман емес.Ауылға барып қайттың ба?
– Иә, керемет болды.Қолыңдағы не кітап?
– Бұл Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым – Қожа" кітабы ғой.
– Қызықты ма?
– Иә,өте қызықты.Мінеки, енді екінші рет оқып жатырмын.
– Керемет!Бізге де мұғаліміміз демалыста кітап оқыңдар деген.Осыны оқысам қайтеді?
– Әрине,мен саған кеңес беремін.Кітапта Қожаның бастан кешкен қызықты оқиғалары баян етіледі.
– Онда мен осы кітапты оқитын боламын.Сосын сенімен талқылайтын,жарай ма?
– Иә,сені күтемін!Сау бол!
– Сау бол!