Әсіп Ол былай дайындалады: қойдың ішегін айналдырады, жақсылап жуады, тазартады. Оның ішіне ұсақтап туралған, аздап су құйып араластырылған ет, жүрек, бауыр, күріш, тұзды салады, ішектің аузын түйіп, суға салып 50-60 минут қайнатады. Қазанда қайнап жатқан әсіпті істікпен түйреп, желін шығарып отырады. Қойдың ішегінің орнына бүйенін де пайдалануға болады. Әсіпті ақ дастарханға әкеліп қоярда оны ыстықтай немесе суытып, дөңгелектеп кесіп әкеледі.
Кей жерлерде бауырдың орнына жүректі жарғанда шыққан қанды қосады. Негізінен, қазақтар жүректі пышақпен бөліп, ішіндегі қанын жуып тастайды. Күрішті ішекке салмас бұрын бір бұрқ еткізіп қайнатып алады. Бірқатар елді мекенде жүрек пен бүйрек, етті алдын-ала ет турағыштан өткізіп алып ішекке тығады. Мұндай әсіпті суда 40 минуттай ғана қайнатады.
Мипалау Малдың басы мүжіліп болған соң миы алынады. Оны тостағанға салып, үстіне жамбастың етек май ұсақтап турап қосады да, оған сарымсағы бар тұздық құйылады. Ми мен май, тұздық жақсылап тұрып араластырылып, қонаққа ұсынылады. Бұл тағамды мипалау деп атайды. Қойдың миын табақтағы еттің үстіне де салуға болады. Ал оны мипалау жасап жесе, ол өте дәмді.
Мишұжық Оны былай әзірлейді: миды суық су құйып, 1-2 сағат суға малып қояды. Оны жоғарғы қабатынан, ұйыған қанынан тазартады. Қойдың немесе сиырдың жұмсақ етін ұсақтап турап, ет тартқыштап өткізіп, 1 бас пиязды тазартып, ұсақтап кесіп, күрішті тазалап, суық сумен жақсылап жуып, миды, етті, күрішті, пиязды жақсылап араластырады, оған тұз, қара бұрыш қосып, қою көжеге айналғанша суық су құяды. Осы турамамен ішекті толтырып, екі жағын байлап бекітеді. Қазанға асқанда түйреп, желін шығарып отырады. Мишұжық – адам ағзасына өте пайдалы тағам.
Қазақ жері кенге бай. Себебі, Қазақстанның әр қаласын әр түрлі металдар, түсті металдар, қара алтынымыз сияқтыларды айтуға болады. Мысалы, Қарағандыда -көмір, Атырау,Ақтөбеде-қара алтынды, яғни мұнайды және басқа да қалаларда түрлі-түсті металдарды өндіреді. Бірақ қазігі кезде осыларды ретсіз пайдаланып жатыр.Сондықтан, біздің кеніміз азайып үстінде,халық игілігіне қолдансада, түптің түбінде оның өзге елге бір бағамен өтіп, оны шет ел бізге екі есе бағамен өзімізге кері саудалайды.Осылардың барлығы, яғни металдар, қара алтынымыз сарқылатын пайдалы қазбаларға жатады.Осы сөзден кейін пайдалы қазбаларымыздың бір күндері таусылатынына көзіміз айқын жетеді.
Алдар көсе – қазақ сатиралық ертегісінің кейіпкері. Бұл бейне қазақ пен қырғызда бар, сонымен бірге түрікменнің бірен-саран сюжетінде кездеседі. Демек, Алдар көсе қазақ фольклорына тән төлтума бейне деуге негіз бар. Түрік халықтарына ортақ әйгілі кейіпкер Жиренше шешен Жәнібек ханға ақыл айтушы дана би кейпінде ғибратты сипатта көрінеді. Айлакер, қу, әккі Алдар көсе образы хандық билік жойылғаннан кейін қара бұқара арасында әлеуметтік жағдайдың шиеленісе түсуіне байланысты күресуші тип сипатында қалыптасқан. Алайда осы образдың терең қатпарында алғашқы қауымдағы мифологиялық түсініктердің ұшқыны бар екенін С.Қасқабасов пен Е.Тұрсынов еңбектерінде айтылады.
Ол былай дайындалады: қойдың ішегін айналдырады, жақсылап жуады, тазартады. Оның ішіне ұсақтап туралған, аздап су құйып араластырылған ет, жүрек, бауыр, күріш, тұзды салады, ішектің аузын түйіп, суға салып 50-60 минут қайнатады. Қазанда қайнап жатқан әсіпті істікпен түйреп, желін шығарып отырады. Қойдың ішегінің орнына бүйенін де пайдалануға болады. Әсіпті ақ дастарханға әкеліп қоярда оны ыстықтай немесе суытып, дөңгелектеп кесіп әкеледі.
Кей жерлерде бауырдың орнына жүректі жарғанда шыққан қанды қосады. Негізінен, қазақтар жүректі пышақпен бөліп, ішіндегі қанын жуып тастайды. Күрішті ішекке салмас бұрын бір бұрқ еткізіп қайнатып алады. Бірқатар елді мекенде жүрек пен бүйрек, етті алдын-ала ет турағыштан өткізіп алып ішекке тығады. Мұндай әсіпті суда 40 минуттай ғана қайнатады.
Мипалау
Малдың басы мүжіліп болған соң миы алынады. Оны тостағанға салып, үстіне жамбастың етек май ұсақтап турап қосады да, оған сарымсағы бар тұздық құйылады. Ми мен май, тұздық жақсылап тұрып араластырылып, қонаққа ұсынылады. Бұл тағамды мипалау деп атайды. Қойдың миын табақтағы еттің үстіне де салуға болады. Ал оны мипалау жасап жесе, ол өте дәмді.
Мишұжық
Оны былай әзірлейді: миды суық су құйып, 1-2 сағат суға малып қояды. Оны жоғарғы қабатынан, ұйыған қанынан тазартады. Қойдың немесе сиырдың жұмсақ етін ұсақтап турап, ет тартқыштап өткізіп, 1 бас пиязды тазартып, ұсақтап кесіп, күрішті тазалап, суық сумен жақсылап жуып, миды, етті, күрішті, пиязды жақсылап араластырады, оған тұз, қара бұрыш қосып, қою көжеге айналғанша суық су құяды. Осы турамамен ішекті толтырып, екі жағын байлап бекітеді. Қазанға асқанда түйреп, желін шығарып отырады. Мишұжық – адам ағзасына өте пайдалы тағам.