Менің ең сүйікті жыл мезгілі-жас.Өйткені-жаз жыл мезгілдерінің ең жақсы мезгіл.Жазда мен әр түрлі жерлерге барамын.Тағыда мен көлде шомыламын.Ең жақсысы-жазда біз мектептен демаламыз.Маған кеш тұруға өте ұнайды.Жазда мен достарыммен бірге пикникке барамыз,киноға,аквапаркка,және тағыда басқа әдемі орындарға
Кітап асыл қазына .Кітап оқу арқылы адам өзін рухани байыта алады . Кітап оқу арқылы адамның сөздік қоры мол болады, себебі кітапта нағыз мағыналы, мәнді сөздер жазылады . Кітаптың түрлері өте көп . Қандай да бір пәнді оқыту мақсатында жазылған кітаптар, яғни мектеп оқушысына арналған . Сонымен қоса ақын жазушылардың жеке шығармалар жинағы жазылған кітаптары да бар. Кітапты барлығы оқуы керек, онда адамға қажетті ақыл -кеңестер өте көп . Кітапты жағып жібергеннен де жаман іс бар, ол кітапты оқымау . Және де әр адам кітапты ұқыпты, таза ұстауы міндетті .
Қазіргі уақытта шаурма, сэндвичтер, чебуректер, пицца, чипсы, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар көп, бірақ олардың сапасы мен құрамында не бар екен? Жоғарыда аталған барлық тағамдар фаст-фуд қатарына кіреді. Осындай тағамдармен тамақтанатын адамдар осыны тиімді, ал тамақ пісіруге уақыттың жетіспеушілігіне байланысты, кейбіреулері өздерінің қалаулары бойынша тамақтанады. Осындай тамақтың зиянды екенін, екінің - бірі ойлай бермейді, білгендердің өзі қуырылған картоптың қытырлағанын газды сусын кока – коламен шөлін басады. Фастфуд тағамдарын біреулер күнде жеп ішсе, кейбіреулері анда санда тамақтанады. Тамақты үйде дұрыстап дайындауға мүмкіндігіміз болмағанда, ол бізге қолайлы, тиімді тамақ ретінде көмекке келеді. Ол қымбат емес, біреқ өте қауіпті. Денсаулығымыздың қауіпті жауы әрқашанда жаныңнан табылады, ол есірткі сияқты, қарның аш болғанда қолың өзі тартылып тұрады. Көбі фастфудтардың зиянды екенін түсінеді. Балаларды кішкентай жастан бастап осындай тағамдарға үйретпеген жөн. Шынына келсек кейбіреулері жалқаулықтың арқасында, тағыда біреулер денсаулығына немқұрайлықпен қарағандықтан осындай тағамдармен тамақтанады. Фастфуд сататын дүкендер өздеріне әдемі жарнамаларымен, төмен бағаларымен, жылдам әзірленуімен тұтынушылардын назарын аудартады. Ал біз денсаулығымызға салғырт қарасақ, балаларымыздың ертеңгі күні не болмақ. Егер сіз осындай тағамдарды жақсы көретіндер қатарына кірсеңіз, онда газеттер мен журналдардағы ақпараттар сіздің пікіріңізді өзгерте алмайды. Дәрігерлердің айтуынша фастфудпен тамақтануға болмайды. Осындай тағамдардың калориялары өте жоғары, майлар мен консерванттар құрамы өте көп болғандықтан, дәрумендер мүлдем жоқ.