М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
asdffhcjbh
asdffhcjbh
26.02.2022 18:16 •  Қазақ тiлi

Стихотворение на казахском языке про лето

👇
Ответ:
arslanovaigiz
arslanovaigiz
26.02.2022
Күн жылынып, қар да еріп дүрілдеп, Сай-саладан сулар ағып, күрілдеп, Ой мен қырда басқызбайды сар балшық. Әлем-тапырық жердің беті іріңдеп. Аспан жүзі ұшпалы бұлт сәуірдің Жылы желі бетті сүйген тәуір күн. Қыс қысылған көтерем мал жалғыздап, Тұс-тұсынан шығып жатыр ауылдың. Аунап-қунап ауасына сағынған, Ызғар, суық ақ кебіннен арылған, Ойдым-ойдым қара жерге көз ойнап, Бәрі бірдей басын қойып жабылған. Шаруалар да қуанышты күлімдеп Ептеп өтті алты аяғы қыс күнім деп, Балалар да лек-лек болып доп қуған, Жалаң аяқ, жалаң бас жүр дірілдеп. Мал да, адам да не бар жандық мәз болды, Қатар түзеп, үйрек, аққу, қаз келді. Жердің жүзін бейне ұжмақка теңейтін Алақай, алақай-ау, жаз келді.
4,7(47 оценок)
Ответ:
konybekrauan
konybekrauan
26.02.2022
Жаз

Фариза Оңғарсынова

Таң бұзып тынышымды жіберді деп,
жазғы түн кетерінде түнерді кеп.
Жер-ару серпігенде түн көрпесін,
маужырап қарап тұрды Күн елжіреп.
Гүл бөлеп хош иіске атырабын,
ағаштар жайып салды жапырағын.
Самал жел сыбырласа, сыр ұрласа, -
өзенде мың бұралып жатыр ағын.
Төсінен терсек тағы қызғалдақты,
басында заңғар таудың ызғар қапты.
Шыдамай жаздың жастық жалынына,
ойнақтап ерке бұлақ құздан да ақты.
Сұлулар суға барған сайға бұғып,
қарайды көлдің бетін айна қылып.
Шіркін, жаз, жомартсың-ау базарлыққа
бересің жан біткенге жайдарылық!
4,8(38 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
зика22
зика22
26.02.2022
Октябрь революциясын дейін, қазақтар, түркітілдес халықтар сияқты "шағатай" деп аталған кітап тілін қолданған.  бұл тілдің өзгешелігі араб,персиялық және түрік тілдерінің элементтерін ұсынғандығы. Октябрь революциясына дейін қазақ халқы араб жазуын қолданған. латын жазбасына көшудің себебі экономиканың және мәдениеттің дамуы.латын алфавиты 1929 жылдан бастап 1940 жылға дейін қолданылды. осы алфавитпен оқушылар оқытылды, ересек халықтың сауатсыздығы еңсерілді, қазақ газет-журналдары, кітаптары басылды.1940 жылы қазақ халқы орыс жазуы негіз болған алфавитке көшеді. ана тілімізге тән дыбыстар барынша ескерілген, қазіргі қазақ алфавиті ұлттық жазба жүйесі болып келеді. қазақ тіліне тән дыбыстар(ә,і,ң,ғ,ү,ұ,қ,ө) қосылғандықтан әлипбиде әріп саны көбейді. 1957 жылға дейін қазақ тіліне тән әріптер әліппенің ең соңында орналасқан.  1957 жылы Қазақ ССр-дың Жоғарғы Президиумның бұйрығымен қазақ тіліне тән әріптер негіз алған әріптерінің жанына қойылды.
4,4(91 оценок)
Ответ:

Қазақ тілі кең байтақ жерді алып жатқан халыққа тиесілі. Қазан төңкерісіне дейін орыс ғалымдары И.И.Ильминский , В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский және басқалары да қазақ тілін зерттеуге үлкен қызығушылық танытты.Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин қазақ тілінің қалыптасуы мен дамуына орасан зор үлес қосты.

 Қазан төңкерісінен кейін республикада қазақ тілінің дамуына үлкен мағына берілді. Танымал қазақ ғалымдары А.Байтұрсынов,Х.Жұбанов,Н.Сауранбаев, С.Кеңесбаев және басқалары қазақ тілінің негізін салушылар.

4,7(49 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ