М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
danatabilov
danatabilov
30.07.2021 14:09 •  Қазақ тiлi

Cрочно нужно мини сочинение на казахском языке про атырау

👇
Ответ:
вика28121
вика28121
30.07.2021
Атырау қаласы - облыс орталығы, Батыс Қазақстан аймағындағы өнеркәсіп, мәдени-ағарту, ғылыми және саяси-әлеуметтік маңызы бар шаһарлардың бірі. Қала Каспий теңізінің қазіргі жағасынан 40 км жерде Жайық өзенінің тармақтала біткен атырауын алып жатыр.Тас және темір жол, әуе және су қатынасы торабы. 
Қаланың іргесі 1640 жылы қаланып, ертеде «Жайық тас қалашығы», «Үйшік» аталған, кейін қаланы салуға қаржысын шығарған көпес Гурьев есімі Ресей әкімшілігінің шешімімен берілген.
1991 жылы қала тұрғындарының тілегіне орай Гурьев қаласы - Атырау деп аталды. Өзіндік қалалық таңбасы бар. Қала Каспий маңы ойпатын ала Жайықтың қос жағалауында орналасқан.  
Бүгінгі таңда Атырау қаласының бет-бейнесі, әсіресе орталық аудандар бүтіндей өзгерді, санитарлық-тазалық жағдай түбегейлі жақсарды, көше мен жолдар қайта жаңартылды, көптеген құрылыстар салынып, тұрғындар жаңа пәтерлерге қоныстанды.
Атырау тұрғындары іргесі қаланғанына үш жарым ғасырдан астам болған туған қаласын аялап, оның экономикасы мен мәдениетін өрге бастыру, көріктендіре түсу үшін қолдан келгеннің бәрін істеуге бекем бел байлап отыр.  
Қала тұрғындарының саны 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға – 231 мың адамды құрайды. 
4,4(61 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Elena407008
Elena407008
30.07.2021

1 мамыр

Мамырдың алғашқы күні Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылы наурыз айында Қазақстан халықтар ассамблеясы құрылып, бұл ұйым ұлтаралық ынтымақтастық пен татулықтың белгісі болып саналады.

Қазақстанның кең байтақ дархан даласында қаншама түрлі ұлт өкілдері тату – тәтті өмір сүріп жатыр.

Еліміздің барлық өңірлерінде бұл мереке аталып өтіледі. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» деген қағиданы ұстанған халық үшін бұл мерекенің орны ерекше. Ақсақалды қарттан кішкене сәбиге де бұл күні мерекелік шеруге қатысады. Бұл күні әр түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық – мәдени орталықтарының мүшелері ән айтып, би билеп, өз салт – дәстүрлерін көрсетеді.

Маған бұл мейрам ерекше ұнайды.

4,6(26 оценок)
Ответ:
darkfire2017oxd5un
darkfire2017oxd5un
30.07.2021

Абай Құнанбайұлы.

Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.  

Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады.  

Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды.

Абай - ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Болашақ ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына оның озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы орасан зор ықпал етті. Абай — ұлы ақын әрі ойшыл. Ол өз төңірегіндегі адамдардың, жақындары мен шәкірттерінің бойындағы өз халқына риясыз берілгендікті, оның мүдделерін қорғау қасиеттерін қолдап отырды. Ұлы ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды. жастарды бес нәрседен — өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуға, бес асыл іске — талап етуге, еңбекті сүюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауга шақырды.  

Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ақын ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады.  

4,5(97 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ